Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
1
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Дұрыс болды. Балаға қатыгездік танытқандарға жаза күшейтілді

Заңда баланың ата-анасы немесе тәрбиелеуге алған жауапты адам балаға қатыгездік танытқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады делінген. Атап айтқанда кәмелетке жасы толмағандарды өзіне қол жұмсауға апарғаны үшін немесе үнемі кемсітетіні үшін 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ал осындай қылмысты сәбиге жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін түрме жазасына кесіледі.

Сонымен бірге баланың денсаулығына зиян келтіріп, ауыр зардабын қалдырғаны үшін 6 жылдан 10 жылға дейін сотталады.

Баланың өміріне қауіп төндіргені үшін 40 -70 мың сом көлемінде айыппұл төлейді немесе 2-3 жылға дейін ауыр жұмысқа тартылады. Сонымен бірге 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз