Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Дәретханаға тығылған!”. Ақтөбеде террористерден қорқып қалған офицерлер сотталды

Бекболат Тәжмұхан, Ақтөбе гарнизоны әскери сотының судьясы:

– Тастанбековті кінәлі деп танып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылсын. Жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейтін болады. Майор шенінен де айырсын. Оразжановты да кінәлі деп танып, 3 жыл 6 айға бостандығынан айыру жазасы кесілсін. Ол да әскери шенінен айырылсын.

Қос бірдей әріптесінің қолына кісен салғанын көрген офицерлер орындарына сылқ отыра кетті. Өйткені, Астанадан келген мемлекеттік айыптаушы бұған дейін Қайнарбек Тастанбековтің 3 жылға соттап, Қайырғали Оразжановты шартты түрде жазаға кесуді сұраған. Бірақ сот үкімі одан асып түсті. Жұбайының түрмеге отыратынын естіген Тастанбековтің жары сол жерде көз жасына ерік берді. Тергеу кезінде өз кінәсін мойындаған Оразжановтың жақындары қазір не істерін білмей дал. Ал осы әскери бөлімде штаб бастығының көмекшісі болған Тастанбековтің адвокаты үкіммен келіскен жоқ.

Станислав Никифоров, Қ. Тастанбековтің адвокаты:  

– Сот үкімі куәгерлердің берген жауаптарына қайшы. Куәгерлер Тастанбековтің шабуыл туралы хабар бергені, оның атысқаны туралы айтты. Мұны судья ескермеген. Біз қарсы арыз түсіреміз.

Қос майор тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жарияланған рақымшылыққа да ілікпей қалды. Өйткені бұлардың жағдайы ондағы тізімге сәйкес келмейді екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз