Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

COVID-дәуіріндегі еңбек миграциясы — гастарбайтерлерді алда не күтіп тұр?

343
Сурет: gazeta.ru

«Мир Евразии» сараптамалық клубының отырысына қатысушылар пандемияға кезінде еңбек мигранттары посткеңестік кеңістіктегі қауіпті факторға айналды деп санайды. Олардың көпшілігінде карантинді сақтауғу қажетті ресурс жоқ. Сонымен қатар, шекарада нағыз «көші-қон дағдарысы» басталды: көпшілігі үйлеріне орала алмауда.

Еңбек мигранттары бәрінен көп зардап шекті

Қазақстан-Неміс университетінің профессоры Ирина Черных, 

пандемиядағы ең осал топ еңбек мигранттары болды деп атап өтті

Мұны зерттеушілер мен халықаралық ұйымдар мойындады.

Дегенмен, Черных жағдайдың пайдалы жағы да бар деп санайды. Біріншіден, «мигранттар посткеңестік кеңістікте маңыздылығын көрсеткен қауымдастыққа айналды».  Оларға мемлекет те, қоғам да көп көңіл бөле бастады. Әрине, олар аурудың өсуі тұрғысынан үлкен қауіп факторы ретінде қарастырылады. Черных күрделі әлеуметтік жағдайлар мен ресурстардың жетіспеушілігі оларға карантинді тиімді сақтауға мүмкіндік бермейді деп түсіндіреді.

— Қазақстан үшін бұл өте маңызды, өйткені пандемия жағдайында біз еңбекші мигранттардың, әсіресе құрылыс мамандықтарының жұмыс күшінің жетіспеушілігіне тап болдық. Бүгінде Түркістан облысында салынып жатқан құрылысқа жұмысшыларды жеткіліксіз болып жатыр деген ақпарат тарады, — деді ол.

Черныхтың айтуынша,

елдің оңтүстік өңірлері тығыз қоныстанған және жұмыссыздық деңгейі жоғары болғанымен, жергілікті кәсіби кадр жеткіліксіз

— Олардың жалақыға сұранысы жоғары немесе  жұмыс сапасы төмен болуы мүмкін. Шекарал жабылды, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй қорын салу проблемасы шекаралас аймақтардан келген еңбек мигранттардың жетіспеушілігімен байланысты. Менің ойымша, бұл қажетті тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеуді ілгерілеуде маңызды дәлел бола алады, — деді ол.

Шекара жаңа бизнес түріне айналды

Сонымен қатар, нағыз «көші-қон дағдарысы» басталды. Шекарада жиналған  қаншама адам үйіне орала алмуда.  Нәтижесінде шекара «кәсіпкерліктің жаңа түріне» айналды.

«Қорғаста» алым-салық тыйылар емес — депутаттар

Черных бұқаралық ақпарат құралдарында айтылған бір мәселені мысалға келтірді. Жазда Тәжікстаннан келген (ол жаққа қонаққа барған) бір топ ресейліктер Қазақстан аумағы арқылы үйлеріне қайтқысы келді. Бірақ бәрі бұрынғыдай оңай және арзан емес екені белгілі болды.

— Бір қызығы, транзиттік дәліз ашылған кезде адамдар жеке көлікпен өте алады деген мәселе төңірегінде құзырлы қызметтер өзара келісімге келген еді,

Қазақстан билігі әрбір автокөліктің жол жүру құнын 1500 доллар көлемінде ұсынды

«Мұндай төлем не үшін қажет?»   деген сұрақ туындайды.  Адамдарға онсыз да  қиын, ақшасы таусылған жағдайда,  транзитті ең аз шығынмен ұйымдастыруға болмас па еді?

 Өзбекстан әр көлікке өз аумағы арқылы 40 долларға өтуге рұқсат берді

Мұндай сәттерде адамдар арасындағы ынтымақтастық көрінуі керек, ал билік құрылымдары көмекке келгені жөн, — деді Черных.

Сонымен қатар, әуежайларда коронавирусқа, антиденелерді анықтайтын зертханалар орнатылды. Барлық қызметтер ақылы екені түсінікті.

Сондай-ақ, ЕАЭО мүшелері елшіліктерінің жұмысы қаншалықты тиімді деген сұрақ туындады. Оның айтуынша, адамдар көбінесе кіру талаптары туралы нақты ақпарат ала алмады.

— Олардың жұмыс визасы бар, ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша келеді. Оларға: « жазбаша сұрау жасаңыз, біз сізге жауап береміз» дейді. Адамдар көбінесе ұзақ уақытқа келетіндіктен, олар заттарын алып кетуі керек. Бірақ жүкті тек құрлық арқылы өткізе алады. Елшіліктер бұлай өте алмайды деп жауап қатты. Яғни, адамның қандай жағдайда шекарадан өте алатыны жазылған нақты алгоритм жоқ. Барлығы белгісіз, — деді Черных.

Біз неге транзитпен ұша алмаймыз?

Сондай-ақ, сарапшы

неліктен қазақстандықтар Ресей аумағына тек тікелей рейстермен жете алады

бірақ транзитпен бару мүмкін емес деген сұрақ қойды.

— Мысалы, Түркия транзиттік дәліз ашты. Неліктен біз Қырғызстандағы , «Манас» әуежайы арқылы да ұша алмаймыз? Ол ел ЕАЭО мүшесі емес пе? Позициялар сәйкес келмегендіктен көптеген сұрақ туындайды, — деді ол.

Қазақстаннан кетіп, отанына шыға алмаған мигранттарға медициналық көмек көрсету туралы түйткілді мәселе көп. Бірақ халықаралық ұйымдар жинақтаған тәжірибе бар.

— Бірнеше жыл бұрын Қазақстанда және бүкіл Орталық Азияда туберкулезбен ауыратын еңбекші мигранттарды анықтауға бағытталған HOPE («Надежда») бағдарламасы болды. Олар  тегін тексеруден өтіп, емделіп, тіпті емін жалғастыру үшін өз еліне жеткізілетін еді. Механизмі әзірленді. Құрамында осындай жағдайда жұмыс істеген арнайы қызметтер, дәрігерлер, ҮЕҰ бар болатын. Бұл тәжірибе COVID-19-бен ауыратын мигранттарға медициналық қызмет көрсету үшін енгізуге болатын еді, — деді Черных.

Маусымдық жұмыстарға тек Өзбекстаннан миллионға жуық адам келетін еді

Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаев еңбек көші-қоны статистикасымен бөлісті.

Қазақстанда қазір шетелдік жұмыс күшіне квота қолданылады. 2019 жылы шамамен 49 мың адам, 2020 жылы — 23 мың адам. Қазақстандағы еңбек мигранттарының саны бойынша Өзбекстан Қытай мен Түркиядан кейін үшінші орында. Бірақ бұл тұрақты негізде жұмыс істейтін азаматтар. Ал Өзбекстан елшілігінің есебі бойынша маусымдық жұмыстарға,

жыл сайын Қазақстанға 800 мыңға жуық адам келді

— Жұмыс берушілер негізінен бес және одан да көп адам тұратын отбасыларға шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беретін заңның бабын пайдаланды. Бірақ адамдар басқа нысанда жұмыс істеді. Әрине, тиісті құрылымдар тарапынан тексеру жүріп жатқан кезде, Өзбекстан азаматтары Қазақстан заңнамасын бұзатыны анықталады. Өйткені, олар тіркелген жерде және тіркелген жұмыстарда еңбек етуі керек — деді ол.

Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының директоры Әкімжан Арупов ресейлік жоғары оқу орындарында білім алып жатқан  70 мыңнан астам қазақстандық студенттің елден шыға алмағаны туралы айтып берді. Көліктің жалғыз түрі қазір авиация, бірақ оның да билеті сатылып кетті. Рас, қазір жағдай өзгерді.

— Соңғы уақытқа дейін Ресей мектептері мен университеттерінде сабақ күндізгі режімде болды, ал Қазақстанда наурыз айынан бастап  барлығы қашықтықтан оқыту форматына көшті. Ресейлік мектептер мен университеттер де қашықтықтан оқытуға көшуде. Сондықтан біздің студенттерге онда барудың қажеті  жоқ сияқты.  Университет қауымдастығында қашықтықтан режимге көшу туралы ұзақ жылдар бойы айтылды, бірақ пандемия келгенде бұл іске бір-екі ай жеткілікті болды, — деді ол.

«Стратегия» Әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» ҚҚ президенті Гүлмира Илеуова екі үлкен сауалнаманың нәтижесі бойынша шекара маңындағы аумақтарда вирус жұқтырғандардың артқанын  мәлімдеді. Бұл Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстары.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз