Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
496
-2.06
EUR
523
-2.87
RUB
4.94
-0.03

COVID-19-ға қарсы вакциналардың жанама әсері белгілі болды

111
Дереккөзі: ZN.ua

Бұл туралы Америкалық медициналық қауымдастықтың хабарламасында айтылған, деп хабарлайды «МК». Екі вакцинаның да жағымсыз және уақытша жанама әсерлері бар, бірақ олар өмірге айтарлықтай қауіп төндірмейді.

Moderna вакцинасын сынауға атсалысқан еріктілер оның  жиі кездесетін жанама әсерін атады. Олардың айтуынша дозаны алғаш рет салғаннан кейін оның орнында ауырсыну пайда болады. Бұндай әсерді пациенттердің 2,7%-ы байқаған. Екінші дозаны енгізгеннен кейін қатысушылардың 9,7%-ында шаршау пайда болды. Бұлшықет ауруы немесе ауырсыну 8,9%, ал 5,2%-ының буындары ауырған. Тағы 4,5%-ында бас ауруы және 4,1%-ында инъекция орнында ауырсыну болды.

Moderna вакцинасын сынауға қатысқан еріктілерінің бірі, 43 жастағы Люк Хатчисон

инъекциядан кейін дене қызуы көтерілгенін айтты

Алайда, 12 сағаттан кейін жағымсыз сезімдер басылған.

Pfizer сынақтары кезінде вакцина шаршау мен бас ауруын тудыруы мүмкін екендігі анықталды, бұл жанама әсерлер екінші дозадан кейін сынаққа қатысушылардың 4%-ынан азында байқалды. Сынақ қатысушыларында басқа ауыр белгілер байқалмады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз