Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ковид карантинінің медициналық негізі жоқ — Бельгия дәрігерлері шектеу шарасын тоқтатуды талап етуде

449
Сурет:depositphotos.com/sezerozger

Бельгиялық дәрігерлердің  ел үкіметіне жолдаған ашық хаты бүкіл әлемде үлкен резонанс тудырды. Қазіргі уақытта оған 2 300 медицина қызметкері және түрлі елден 12000-нан астам азамат қол қойды. Сонымен қатар, қол қоюшылардың саны сағат сайын артып келеді.

Атап айтқанда, дәрігерлер саясаткерлерді

пандемиямен күрес шараларын қабылдауға негіз болатын ақпаратқа сыни көзқараспен қарауға шақырды

«Біз ашық пікірталас өткізуді сұраймыз, онда сарапшылардың барлығы  ешқандай цензурасыз пікірлерін білдірсін. Covid-19 айналасындағы алғашқы дүрбелеңнен кейін объективті фактілер мүлдем өзгерді. Төтенше жағдайдың медициналық негіздемесі жоқ».

Дәрігерлер коронавирус инфекция туралы  медициналық қоғамдастыққа белгілі фактілерді келтіріп, төтенше жағдайларды енгізудің пайдасынан гөрі,  зияны көп болатынын дәлелдеуге тырысады.

Карантин  панацея бола алмайды

Хат авторлары қатаң оқшаулау саясаты бар елдердегі инфекция толқындарын қатаң карантин енгізілмеген елдермен салыстыруды ұсынады.

«Біз енгізілген оқшаулау мен инфекцияның ағымы арасында ешқандай байланыс жоқ екенін көріп отырмыз. Локдаундар өлім-жітім деңгейін төмендете алмады».

Олардың айтуынша,  Бельгияда карантин  инфекцияның шарықтау шыңында,  анықталған жағдайлардың саны азая бастаған кезде енгізілді. Яғни аурудың таралуының бәсеңсуіне карантиндік шектеулер әсер еткен жоқ.

Дәрігерлердің пікірінше, көптеген зерттеу  иммундық жүйесі әлсіз адамдар негізгі қауіп тобына жатады. Сондықтан тек осы топты әлеуметтік шектеу жеткілікті.

Карантиннен қандай қауіп төнеді

Дәрігерлер  зерттеу мәліметтеріне сүйене отырып,  Бельгиядағы әлеуметтік оқшаулау және экономикалық залал депрессияның, суицидтің, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың өсуіне әкелді деп мәлімдейді.

Сарапшылардың пікірінше, адамдарда әлеуметтік және эмоционалды міндеттемелері неғұрлым көп болса, олар соғұрлым вирусқа төзімді болады. Тағы бір зерттеудің нәтижелері келтіреді, оған сәйкес

оқшаулау және карантин адамдардың психикалық денсаулығына қауіп төндіреді

«Оқшаулау шаралары көптеген қарт адамның физикалық белсенділігінің төмендеуіне алып келген. Бірақ көбірек жаттығу жасау арқылы когнитивті қызметке әсер етіп, депрессиялық шағымдар мен мазасыздықты азайтуға және физикалық денсаулықты, қуат деңгейін, әл-ауқатты және жалпы өмір сапасын жақсартуға болады», делінген ашық хатта.

Covid-19 шынымен де қауіпті ме?

Коронавирустың өлім деңгейі біз күткеннен бірнеше есе төмен болды. Сонымен қатар,  өлім-жітім деңгейі әдеттегі маусымдық тұмау  (0,2%) көрсеткіштеріне жақын, дейді дәрігерлер.
Олар коронавирустан қайтыс болғандардың санын біреулер әдейі көтеріп отырғандай көрінеді деген қорытындыға келді. Оған қате статистика себеп болған.

«Коронавирустан өлу мен коронавирус жұқтырған адамның өлімінің  арасында айырмашылық бар. Адамдар көбінесе бір уақытта бірнеше вирустар мен ықтимал патогендік бактериялардың тасымалдаушысы болады.

COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцинаның сынағы 2021 жылдың мамырында аяқталады

Ауыр симптомдары бар адамдардың көпшілігі қосымша патологиядан зардап шеккенін ескере отырып, олар коронавирус инфекциясынан қайтыс болды  деп қорытынды жасауға болмайды. Статистикада бұл іс жүзінде ескерілмеген»

Хат авторлары халықтың ең осал топтары белгілі екенін атап өтті. Қайтыс болған пациенттердің басым көпшілігі 80 жастан асқан. 70 жасқа дейінгі қайтыс болғандардың көпшілігі (70%) келесі аурулардан зардап шекті,

  • жүрек-қан тамырлары аурулары,
  • қант диабеті,
  • өкпенің созылмалы ауруы,
  • семіздік.

Жұқтырғандардың басым көпшілігі (>98%) жеңіл түрде ауырды немесе өздігінен емделді.

Сонымен қатар, дәрігерлердің айтуынша,

қазір ауруы асқынған адамдарды емдеуге көмектесетін  қолжетімді, қауіпсіз және тиімді терапия құрастырылды

«Медицина қызметкерлері тез арада жауап қатып, наауқастың тез арада емделіп шығуына көмектеседі.  Яғни, бұл енді өлтіруші вирус емес, емдеуге болатын ауру».

Вирустың таралуына қатысты жалған әңгімелер

Хат авторлары қазірдің өзінде асимптоматикалық тасымалдаушылар қоғам үшін іс жүзінде қауіпті емес екенін делелдейтін фактілер бар дейді.

«Індет тамшылы инфекция арқылы (жөтел немесе түшкірген науқастар ғана) және жабық, желдетілмеген жерлерде  тезірек тарайды. Осылайша, ашық ауада инфекцияның таралуы мүмкін емес.

Теңге бағамы: 2020 жылдың соңында доллардың бағасы қандай болады?

Контактілерді іздеу және эпидемиологиялық зерттеулер сау адамдар (немесе оң нәтижесі бар асимптоматикалық тасымалдаушылар) вирусты  тасымалдамайтынын көрсетеді. Сондықтан дені сау адамдар бір-біріне қауіп төндірмейді».

Вирустың заттар арқылы  таралуы (мысалы, ақша, тауарлар немесе сауда арбалары) ғылыми дәлелденген жоқ.

«Мұның бәрі әлеуметтік қашықтық саясатына және дені сау адамдардың міндетті түрде маска киюі керек деген талаптарына күмәнмен қарауға себеп болады. Бұл талаптардың ғылыми негізі жоқ», —дейді хат авторлары.

Дәрігерлердің қалауы не?

Ашық хатта Бельгияның бұқаралық ақпарат құралдарына үкіметтің ақпараттық саясаты, ДДҰ-ның күмәнді ұсыныстары да сөз болды.

Хаттың соңында бельгиялық дәрігерлер:

Үкіметтің денсаулықты сылтауратып,  төтенше жағдайды жариялауы бізді таң қалдырады. Дәрігерлер мен денсаулық сақтау саласының мамандары зияндылығы, өлім-жітімі және жұқпалы ауруы маусымдық тұмауға ұқсас вирусқа төтеп бере аламыз.

  • Сондықтан біз барлық қабылданған шараларды дереу тоқтатуды талап етеміз
  • Біз қазіргі жабық есіктің ар жағында кеңесетін сарапшы-кеңесшілердің легитимділігіне күмәнданамыз,
  • ACU 2020 ұсыныстарына сүйене отырып, біз ДДҰ-ның рөлін және осы ұйымдағы мүдделер қақтығысының ықтимал әсерін терең зерттеуге шақырамыз.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз