Ресей валютасы АҚШ долларына да, еуроға да қатысты құнсыздануда. Экономистердің көбі теңге бағамы Ресей рублінің бағамына тікелей байланысты деп есептейді.
Экономист Ерлан Ибрагим де теңгенің рубльге тәуелділігін көріп отыр.
— Соңғы бір жылдағы екі валюта бағамының кестесіне назар аударсақ, тәуелділігі айтарлықтай байқалады. Теңге барлық уақытта рубль бағамымен бірдей өзгереді. Кейде сәл ертерек, кейде сәл кейінірек, бірақ тәуелділігі тұрақты, — деді ол.
Ибрахим бұл тәуелділікке бірнеше фактор ықпал ететінін атап өтті. Екі ел шекаралары ашық, бірыңғай экономикалық кеңістікте орналасқан.
бірақ Қазақстан өз тауарларын сатқаннан гөрі ресейлік тауарларды көбірек сатып алады
— Бірнеше жыл бұрын рубль теңгеге қатысты әлсіреді. Сол кезде қазақстандықтар автомобиль, тұрмыстық техника және тағы басқа ресейлік тауарларды бұрынғыдан да көбірек сатып ала бастады, — деп еске алды экономист.
Сонымен қатар, біз ресейлік өнімдерді неғұрлым көбірек сатып алсақ, теңге рубльге қатысты соғұрлым әлсіз болады. Сарапшы ұлттық валюта болашақта да құнсыздануын жалғастырады дейді.
— Егер біздің елдеріміздің сауда теңгерімі нөлге тең болса, онда ауытқулар бірдей болар еді. Бірақ қазіргі теңгеріммен біздің валюта арзандайды, — деді ол.
Біздің экономикамыздың құрылымы да ұқсас. Мұнай бағасының өзгеруі екі елдің валюта бағамына әсер етеді,
бірақ бізде табыстың жалпы құрылымында шикізатты сатудан түскен үлес жоғары
Сондай-ақ Ибрагим бір доллар үшін 470-480 теңге деген болжам орынды деп есептейді.
— Орташа есеппен бір рубль үшін 5,7-5,8 теңге бағасына бағдарланады және осы деңгейге жетеді. Мен де осындай көзқарасты ұстанамын. Нарықтық бағамды бағалауға болатын басқа параметрлер жоқ, —деді ол.
Екінші жағынан, рубльдің қазіргі арзандауы уақытша болуы мүмкін. Егер ол бұрынғы позицияларына оралса, онда бәрі жаман болмайды.
Айтпақшы, 29 қыркүйекте Ресей Банкі (орталық банк)
1 қазаннан 30 желтоқсанға дейін қосымша 2,3 млрд АҚШ долларын сататынын мәлімдеді
Бұл күніне шамамен 36 миллион доллар. Ведомство бұл рубльдің позицияларын сақтап қалуға көмектеседі деп санайды.
Ресейлік валютаны ұстап қала алмаса да, біздің Ұлттық банк те теңгеге қатысты осындай амал қолдануға тырысады. Ибрахим бұндай қадамын жоққа шығармайды, бірақ
Ұлттық Банкте валюталық бағамды ұзақ ұстап тұра алмайды, алтын-валюта резервтері сарқыла бастайды,
деп атап өтті. Сондықтан, егер рубль бір ай бойы арзандайтын болса, теңгені де еркіне жіберуге тура келеді.
Экономист Арман Байғанов та жоғарыдағы айтылған пікірмен келіседі.
— Біздің барлық сыртқы сауда операцияларымыздың 40%-ға жуығы Ресейге тиесілі
Біздің өндірушілер бәсекеге қабілетті емес, өнімділігі де төмен. Соңғы айда рубль құнсызданғандықтан тауарлар арзандай түсті, — деді ол.
Байғанов қазір Ұлттық банк теңгені жасанды түрде «ұстап отыр» деп санайды,
доллардың нақты бағамы қазір кем дегенде 440, одан да жоғары болуы мүмкін
Алайда, егер рубль қайтадан нығаймаса, онда теңгені де ұзақ ұстай алмайды. Дүрбелең туғызбау үшін біртіндеп еркіне жібереді. 2020 жылдың соңына қарай біз доллардың құнын 440 теңгеден жоғары бағамен көретін шығармыз.