Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Черногорияда мерт болған қазақстандықтың бауыры оқиғаның мән-жайын айтып берді

“Ол өте ақкөңіл, мейірімді адам еді, кез келген адамға көмектесуге дайын тұратын. Үнемі барлығына көмектесіп жүретін. Черногорияға ол достарымен кеткен болатын – төрт адам. Достарының айтуынша, сол күні 16 тамызда туристерге боран болатыны жайлы ескертілген”, –  дейді мерт болған қазақстандықтың туған бауыры Қазыбек Смағұлов.

https://kaz.365info.kz/torde-otyr-bolat-nazarbaev-dyrkiretip-toj-zhasapty-video-328491

Қазбектің айтуынша, бауыры кішкентай кезінен бастап спортпен айналысқан, салауатты өмір салтын ұстанған. Жақсы жүзе алған.

“14 адам суға батып кеткен. Бізге солай айтты. Олар ескертулерге мән бермей, суға кіріп кеткен. Танат болса барлығын құтқару үшін секірген. Оның екі ересек адам мен үшінші баланы құтқарып қалғанын білеміз”, – дейді Қазыбек.

Оның айтуынша, Танаттың денесі 21 тамызда таңғы уақытта жіберіледі. Кейінірек жақындары денені туған ауылы Амангелдіге жеткізеді екен. Онымен бірге Черногорияға кеткен достары Қазақстанға келді. Қазіргі уақытта олар қайтыс болған жігіттің туыстарына қолдау көрсету үшін ауылға кетті.

https://kaz.365info.kz/ajelinen-zhasyryp-toregali-tokhaly-bar-ekenin-mojyndap-khaldy-foto-328494

Еске сала кетейік, осыған дейін Черногорияда қазақстандықтың суға батып бара жатқан екі әйелді құтқарамын деп мерт болғаны жайлы хабарланған болатын. Қайғылы жағдай 16 тамызда болған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз