Чехия президентінің әйелі Астанада EXPO-2017 көрмесінің ашылу салтанаты кезінде қазақстандық дизайнер Наиль Байкучуковтың киімімен шықты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы дизайнер Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
“(…) Чехияның бірінші ханымы Ивана Зейманова Астанада ЭКСПО көрмесінің ашылу салтанатында Naiyl Baikuchukov киімімен шықты”, – деп жазды Байкучуков.
Айта кетейік, Чехия президенті Милош Земан EXPO көрмесінің ашылуына жары Иванамен жұмада, 9 маусымда келді.
Ресейлік танымал тележүргізуші Лера Кудрявцева да Мәскеуде өткен МУЗ-ТВ премиясына шығу үшін Байкучуковтың туындысын таңдаған. Тележүргізуші бір кеште екі көйлекпен шықты. Ол қазақстандық дизайнерге керемет көйлегі үшін алғыс білдірді