Семейде басына оқ тиіп, қаза тапқан ер адамның мәйіті табылды.
Қылмыстық істі жеке бақылауымызға алдық деп хабарлады қалалық ішкі істер басқармасының басшылығы.
Қылмыс қаладағы Затон ауданында 9-наурызда орын алған. 1988 жылғы ер адамның денесі көшеде жатқан. Оның басына оқ тиген. Оқиға орнына танысы жедел жәрдем шақыртқан. Оқиға орнына келген дәрігерлер жігіттің өлімін тіркеген.
“Бұл дерек соталды тергеулердің бірыңғай реестрінде “Кісі өлтіру” бабы бойынша тіркелді. Жедел-тергеу тобы құрылды. Қазіргі уақытта кінәлі адамдарды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қалалық ІІБ басшылығының жеке бақылауында”, – деді ІІД өкілдері.