Бұған дейін бұл екі құжатты біріктіру жоспарда бар еді.
Үкімет жиынында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев салалық министрліктерге Салық және Кеден кодекстерін қарапайым халыққа түсінікті етіп жасаңдар деп тапсырды деп хабарлады Zakon.kz.
«Елбасы салық органын көп сынға алды. Сын көбіне салықшылардың негізсіз тексерісі мен салық заңнамасының нақты өмірде қолайсыздығына қатысты.Бақыт Тұрлықанұлы, Мемлекеттік кірістер комитеті жұмысының бизнесті тексеруін оңтайландыру үшін қайтадан жасақтау керек», – деді ол.
«Осындай істі қозғаған адамдарды анықтап, жазалаңыздар»,- деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.
Ал ұлттық экономика министрлігіне мемлекеттік органдармен тізе қоса отырып, Салық кодексін мейілінше қарапайым етуді тапсырды.
«Елбасының тапсырмасымен Ұлттық экономика министрлігі мен Қаржы министрлігі Салық кодексін бөлек, Кеден кодексін бөлек жасақтауы тиіс”деп сөзін қорытты Премьер-министр.