Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-2
USD
492
-0.51
EUR
530
+0.59
RUB
5.05
+0.02

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі: Назарбаев үлкен державалар алдына үлкен мәселе қойды

111

Бұл отырысты Астана саяси зерттеулер қауымдастығы ұйымдастырған болатын.

Әлемнің көптеген елдерінен келген жетекші ғалымдар Қазақстанның халықаралық аренадағы іс-қимылдарын аса жоғары бағалады.

Конфренцияға сондай-ақ қазақстандық сарапшылар, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік мекемелер өкілдері, халықаралық ұйымдар мен шетелдік дипломатиялық миссиялар өкілдері, саяси партиялар, азаматтық қоғам және қоғамдық жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Шара барысында әлемдегі бейбітшілікке қол жеткізудің көкейкесті мәселелері мен әлемді ядролық қарудан азат етуге жол ашудың жан-жақты сұрақтары қызу талқыланды.

Оның ішінде Қазақстанның ядролық қаруды таратпау режимін күшейту жөніндегі бастамалары да әр тұсынан қарастырылды. Сонымен қатар, конференцияда бас қосқан сарапшылар жаһандық соғыстардың басталып кетуі қауіптерін сейілту мәселелерін де сөз етті.

Аймақтық қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайту барысындағы Орталық Азия елдерінің мүдделерін алдыңғы қатарға жылжытуға қатысты тақырыптар да,

Қазақстанның Сириядағы шиеленісті реттеуге қосқан ерен үлесі мен Африкадағы бейбітшілік пен қауіпсіздік жайы қарастырылды.

Орталық Азияда бәрі тыныш

ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенова өз сөзінде Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастықтың жаңа серпін алғанына ерекше тоқталды. Президент жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты жетекшісінің айтуынша,

2018 жылы Орталық Азия елдерінің өзара қарым-қатынасында жаңа сапалы өзгерістер бой көрсете бастады.

«Мәселен, 15 наурызда Астанада соңғы 13 жылдың ішінде тұңғыш рет ортаазиялық мемлекеттер көшбасшыларының бір үстел басындағы кездесуі болып өтті. Орталық Азия өңірінің алдағы болашағы өзге елдермен арадағы келіссөздерде ұлттық мүдделерді барынша белсендірек қорғау мен қолдауға мүмкіндік беретін көптеген геоэкономикалық жобалар алаңын құрумен тікелей байланысты»,

– деген пікірімен бөлісті Зарема Шәукенова.

Ал ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Санат Көшкімбаев Орталық Азия елдерінің Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің арнайы фокусында бұрын-соңды ешқашан болмағанын тілге тиек етті. Бірақ оның да өз себебі бар:

Орталық Азия аймағы баяғыдан бері белгілі бір тұрақтылығы сақталған, әрі, әлі де сақталып тұрған тыныш өңір.

Дәл осы себепті Орталық Азияда негізінен аймақтық даму тұрғысынан қарастырылатын қауіпсіздік мәселелерін шешу – қазіргі бар қауіп-қатерлерді сейілтіп, тәуекелдерді айтарлықтай төмендетуі тиіс.

Көпжақты әдістер

Жалпылай алғанша, дөңгелек үстел жиынының барлық қатысушылары

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі аясындағы алаңдарда да, өзге алаңдарда да қауіпсіздік пен тұрақты дамудың ажырамас терең байланысын орнату идеясын берік ту етуге бағытталған жүйелі және мақсатты жұмыстарын, белсенді де батыл көзқарастарын атап өтті.

Сарапшылар сондай-ақ Орталық Азиядағы аймақтық кооперациялардың көптеп құрылып, өзара ықпалдастық форматының екіжақты бағыттан көпжақты ықпалдастық саласына қарай ойысып келе жатқанын сенімді түрде атап өтті.

Ал бұл өз кезегінде Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке оң әсерін тигізетіні және де ортаазиялық барлық мемлекеттер үшін әлеуметтік-экономикалық дамуға қолайлы жағдай туғызатыны айдан анық.

«Форумның негізгі міндеті

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық еткен кезеңіндегі оң тәжірибелерін бейбітшілік жолындағы қадам ретінде барша әлемге барынша насихаттау»,

деп атап өтті астаналық Саяси зерттеулер қауымдастығының аға сарапшысы Ерболат Смақов.

Елбасының батыл бастамалары

Сондай-ақ, шара барысында жиынға жиналған сарапшылар Таяу Шығыс, Орталық Азия, Африка елдерінің қазіргі жай-күйі мен мәселелерін, ядролық қаруды таратпау режимін нығайту, сондай-ақ бейбітшілік жолындағы жаһандық реформалардың перспективаларын, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің құрылымдарына қатысты келелі мәселелерді талқылады.

Айта кету керек, конференция барысында шетелдік және қазақстандық мамандардың басты назары Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінде төрағалық еткен Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық аренада үлкен пікірталастар тудырып, ыстық қолдауға ие болған бейбітшілікке бағытталған жаңа бастамаларына ойысты.

Көрші Ресей елінен ат шалдыртып келген ресейлік белгілі саясаттанушы және танымал шығыстанушы ғалым әйел Каринэ Геворгян мынадай келелі дүнилерді атап өтіп, өз сөзін былай сабақтады:

«Мен әрине, көріп, естіп-біліп отырмын. Меніңше, Қазақстан мемлекетінің басшылығы барлық салаларға тікелей қатысы бар көптеген факторларды тереңінен зерттеген. Содан болар, Қазақстанның үкіметі

бірқатар өте батыл халықаралық бастамаларды тайсалмай ұсынып, осы бастамалармен үндес келетін көптеген халықаралық жобаларды қолдауға күш салды.

Естеріңізге сала кетсем, 2009 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев XXI ғасырдың басындағы өркениеттер дағдарысы тақырыбына арналған «Бесінші жол» атты келелі мақаласын жазған.

Оның мазмұнына үңілсек,

Қазақстанның көшбасшысы біздер «ұлы» деп атап үйренген әлемдегі үлкен державалардың алдына терең мәселе қояды. Үлкен державаларды ғана емес, әлемдегі ең ықпалды трансұлттық топтарды да елең еткізе алды. Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі заманауи әлемнің проблемаларын атап көрсетіп, оларды шешім күттірмейтін маңызды міндеттер қатарына жатқызады. Одан кейін барып ол жаһандық проблемалардың болашақ шешімдеріне байланысты өз сценарийлерін ұсынады»,

деп мәлімдеді ресейлік саясаттанушы және шығыстанушы Каринэ Геворгян.

Жиын соңында Астанадағы Саяси зерттеулер қауымдастығының аға сарапшысы Ерболат Смақов мұндай халықаралық дөңгелек үстел жиындарының дәл осындай ашық форматта өткізілуі

аймақтық және жаһандық тұрғыдағы бейбітшілік, тұрақтылық пен келісімді нығайта түсуге бағытталған, Қазақстан тарапынан бастау алып отырған әлемдік бейбітшілік бастамаларын өрге жетелеу мен кеңінен насихаттауға үлкен үлес қосады.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз