Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі: сириялық ішкі қақтығысты бейбіт жолмен шешкен жөн – Қазақстан

199

Бұл туралы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында мәлімдеді.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы ресейлік тараптың бастамасы бойынша, Сириядағы ахуалға баса назар аударуына байланысты ұйымдастырылды. Кеңес мүшелерінен басқа аталған отырысқа Иран мен Түркияның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдері де қатысты.

Сессия барысында қазақстандық делегация басшысы әлемдік қауымдастық ішкісириялық қақтығысты тек қана бейбіт жолмен шешу, соғыс қиратқан елді қалпына келтіру және күрделі гуманитарлық ахуалды шешу үшін жағдай жасау мақсатында бірлескен күш-жігерді жұмсау керек екенін атап өтті.

https://kaz.365info.kz/sh-ny-skeri-siriya-a-ornalastyryluy-m-mkin-b-l-jym-a-m-she-aza-stan-endi-ajtedi-232189

Қайрат Омаров БҰҰ-ның Қаукіпсіздік Кеңесі отырысында

 

«Біз сондай-ақ көптеген сириялық босқындардың қайтарылуына жағдай жасауымыз керек. Осыған орай,

сириялық босқындар бойынша халықаралық конференцияны ұйымдастыру туралы идеясы проблеманы шешудегі алғашқы қадам бола алады»,

– деді Қайрат Омаров отырыс барысында.

https://kaz.365info.kz/khazakhstan-siriyaga-asker-attandyruy-mymkin-280279

Сириядағы жағдай туралы айта отырып, Қазақстан Елшісі Астана процесінің кепіл-елдерінің «ДАИШ», «Ан-Нусра майданы» және «Әл-Каида» террористік топтарына қарсы күрестегі ынтымақтастығының маңыздылығын, сондай-ақ атыс тоқтату режиміне қатысатын қарулы оппозициялық топтардың террористерден арылуының өзектілігіне баса назар аударды. Сонымен қатар, елші саяси процесс үшін жаңа мүмкіндіктер тудыратын Идлибдегі атыстың тоқтатылуын қанағаттанушылықпен атап өтті.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында

Қазақстан өткір халықаралық мәселелерді құрметтеу, сенімділік және сындарлы ынтымақтастық негізінде ғана шеше алатынын тағы да растады.

Иран, Ресей және Түркияның Сириядағы гуманитарлық жағдайды жақсартуға және азаматтық тұлғаларды қорғауға, соның ішінде, Сирия экономикасын және инфрақұрылымды қалпына келтіруге, сондай-ақ маңызды әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған күш-жігеріне жоғары баға берілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз