Америкалық табиғат зерттеуші-фотограф Кевин Эби бүркіттің қалайша түлкінің аузындағы қоянды олжалап кеткенін видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтына сілтеме жасап.
Видеодан түлкі тістеп келе жатқан қоянды бүркіт қалай тартып алып, түлкімен қоса алты метрдей биіктікке көтерілгені бейнеленген. Жеті секундқа созылған айқастан кейін түлкі жеңіліп, жерге құлайды, ал бүркіт олжасын алып, ұшып кетеді.
«Түлкінің құлаған сәтін бірнеше рет суретке түсіріп алдым. Оған зақым келгенін байқаған жоқпын», – дейді ол.