Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-10
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

“Былыққа толдық”. Қазақстанды «Батыс ажалы» жағалап жүр…

255

Смағұл Елубай, фото: zhasorken.kz

Біраз жыл бұрын осы мәселені көтерген Смағұл Елубай былай деп еді:

«Советтік идеология тарихымызды бағалауға тосқауыл қойды. Содан кейін біздің діни болмысымызды бұзды. Мәңгүрттеді. Ұлы Дала рухын сындыру үшін оның тарихын тартып алды. Дінін тартып алды. Қасқыр күшігінің тірсегін кессе, қасқыр болмай қалады. Тарихсыз, тілсіз, дінсіз халық та сол. Ұлт болып ұйыспайды. Қызыл империя сөйтті, тірсектен кесті. Белгілі бір дәрежеде ол мақсатына жетті де. Тіл мен дін, төл тарихтан айырылуға аз қалдық. Осы үш тұғыр ұлттың рухани қазанын тіреп тұрған ошақтың үш бұты. Онсыз ұлттың рухани қазаны қайнамақ емес.

Ендеше, ел боламыз десек, ұлттық рухтың осынау үш тірегін қалпына келтіруіміз керек. Құлдық санадан сонда құтыламыз. Ұлт өз-өзін сонда құрметтейді. Дінді неге айтып отырмыз? Оның себебі бар. Кезінде бүкіл әлем ерлігіне, әділеттігіне таңғалған осы Ұлы дала перзенттері соңғы ғасырда әсіресе, советтік кезеңде өзінің дінінен айырылып деградацияға ұшырай бастады емес пе?!

Империяға да керегі сол еді. Қызыл империяға қазақтың мықты ұлт емес, тобыр болғаны керек еді. Бүгін біз не көріп отырмыз? Алласынан айырылған Ұлы даланың кейбір ұл-қыздары жайлы, олар жасаған ұждансыздық жайлы хабар-ошарларды естіп-біліп отырмыз. Естіген сайын төбе шашымыз тік тұрады. Бір жағынан қарасақ, кеңестік құдайсыз қоғамның салдары осылай болары заңды да еді. Басқаша болуы мүмкін емес.

https://kaz.365info.kz/khazakh-olejin-dep-tyr-tyrsyn-zhyrtbaj-297489

«Құдайдан қорықпағаннан қорық». Қылмыстың құлақ естіп, көз көрмеген түрлері шықты. Құдайсыз кеңестік қоғамға дейінгі Ұлы далада мұндай сұмдықтар болып па еді?! Суицид, өз қызына өзі шабу, өз баласын өзі сату, маскүнемдік, жезөкшелік, нашақорлық дегендер болып па еді??? Ақша үшін арын сату, бауырды бауыр өлтіру дегендер болып па еді?

Ұлттық індетке айналған ұрлық-қарлық тұрмақ, қазақ ескі ауылда есігін де құлыптамайтын еді ғой!

Сонда ой келеді, «қаптаған полициясы жоқ, тоғыта салатын түрмесі жоқ далада қазақ қалай күн көрді?» деген.

Күн көрді. Бүгінде естігенде төбе шашымыз тік тұратын қылмыс дегендерден дін аман күн көрді.

Сонда алашты азғындаудан аман сақтаған ұлы күш не? Әрине, дін. Діннен келіп шығатын – иман. Иман ұстап тұрды бәрін. Күніне бес рет намазын үзбеген даланың ұл-қыздары полициядан емес, түрмеден емес, қылмыс жасауға, ұрлық жасауға Құдайдан қорықты.

Олар үлкенге – құрмет, кішіге – ізет, жетімді – жебеу, ала жіпті аттамау, қара қылды қақ жару тәрізді иманға негізделген дәстүрлі дала кодексімен тірлік кешті. Дәстүрлі тәрбие қалыптасты. Оны қалыпқа келтірмей, қазақты қалыпқа келтіру мүмкін бе?!

Ендеше, дәстүрлі дінге негізделген ұлттық тәрбиені жолға қоймай имансыз, ұждансыз қылмыстар легі өрби беруі, өрши беруі мүмкін.
https://kaz.365info.kz/artynda-ylken-kysh-tyr-khazakhtyn-bas-salafiti-mybarovke-biliktin-tisi-nege-batpajdy-298862

«Батыс ажалы» Қазақстанды жағалап жүр…

Демек, халықты қалыпқа келтіргің келсе, дәстүрлі дала кодексін қалыпқа келтір. Оған алып барар жол жалғыз, ол – Алланың ақ жолы. Басқа жолды көріп тұрғанымыз жоқ.

«Қазақстан болашағы – иманды қоғам» деген ұран содан туған. Кейде «сонау социализм кезінде негізі қаланған дінсіздік, имансыздық мынау тәуелсіздік тұсында неге асқынып кетті?» деушілер табылар. Ондай сауалға жауап былай:

социализмнен кейін де біз Құдайға емес, капиталға табынатын қоғам құшағына күмп бердік. Ол тұста ойлануға мұрша болмады. Құбыламыз – сырты жылтыраған капитал қоғамы болды.

Оның іші-іріп жатқанын көрмедік.

Өйткені Батыс Құдай тағына қонжитып баяғыда-ақ каптиталды отырғызған болатын.

Құдайсыз капиталға табынған Батыс сөйтіп, сырттай байығанмен , іштей іріп, рухани жұтауда еді. Оған көзіміз жетті.

Демек, көз жұмып Батыс жолына түсу деген сөз – дәстүрлі моральсыз, дәстүрлі отбасысыз, дәстүрлі тәрбиесіз қатерлі жолға түсу деген сөз.

  • Ол деген сөз – маскүнемдік, нашақорлық, суицидке тура бастар жол.
  • Ол деген сөз – жезөкшелік, бір жынысты отбасы, демографиялық құлдырау деген сөз.
  • Батыс эксперттері мұны «Батыс ажалы» деп жүр. Ендеше, ол жол бізге неге үлгі болуға тиіс?!

Дамуы үлгі болса да, ұждансыздығы үлгі болмауға тиіс. Батыс бара жатқан құдайсыз жол бізге үлгі болмауға тиіс. Қазақстанның өз жолы, өз даму жолы болуы тиіс».

Иә, белгілі жазушы осылай дейді. Ащы да болса шындық осы. Адамның бойына имандылық ұялаған кезде ғана қоғам былықтан тазарары хақ.

Сіз не дейсіз?

Ақшарқат Исламбек, 

Көрнекі фото: © Sputnik / Данияр Дауталиев
https://kaz.365info.kz/ata-anam-teris-ajnaldy-khazakhtan-shykhkhan-tyngysh-pornozhyldyz-agynan-zharyldy-foto-302018

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз