Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Былтыр әлемде 259 журналист түрмеге қамалған

CPJ жаңа медиа технологиялар цензура орнатуды бұрынғыдан да қиындата түскенін, бірақ репрессивті мемлекеттер оларды жиі қолданады, себебі түрмеге қамалған және қаза тапқан жиурналистер саны артып келе жатқанын айтады.

“Бұл, шын мәнінде, журналистер үшін бұрын-соңды болмаған ең қауіпті және ең қанқұйлы уақыт” деді ұйымның атқарушы директоры Джоэл Симон. Симон ұйымның 25 сәуірде жариялаған есебінде әлеуметтік медианың барлық жерде барына және смартфон камераларының жаппай пайдаланылатынына қарамастан, демократиялық емес үкіметтер БАҚ-ты және журналистерді басып-жаныштау әрекеттерін күшейткенін айтады.

CPJ сонымен қатар соңғы бес жылда әлемде 332 журналист қаза тапқанын, мұның да мониторинг жүргізіле бастағаннан бергі бес жылдық кезеңдер ішіндегі ең көбі екенін айтады. Симон әлемде репрессивті мемлекеттер БАҚ-тың үнін өшіріп, өзіне бағындыру үшін уақыты мен қаржысын көптеп жұмсай бастады дейді. Ол сонымен қатар үкіметтер ақпараттың “қиратушы күшін” сезіне бастаған сайын әккі бола түсіп, “сөз бостандығына тіке шабуылдай бастағанын” айтады. Оның сөзінше, репрессивті үкіметтер ақпаратты басқаруға, бақылауға және онымен манипуляция жасауға мүмкіндік беретін күрделі стратегияларды жетілдіріп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз