Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Бүлдіру оңай, құрау қиын”. Қазақы психологиялық кітап жарыққа шықты

1741

Автордың алғашқы басылымдағы 2 мың кітабы бір демде, яғни бір ай ішінде ілезде өтіп кетіп, үлкен сұранысқа ие болды. Ішіндегісін ақтарып айта бермейтін қазақ психологтарға зәру екенін осыдан-ақ аңғарылып қалды.

Иә, қазақша ойлап, қазақша жеткізіп, қазақша сөйлейтін психологиялық құралдарды жұрт тіпті өзі іздейді қазір. Ал нарықтағы ұсыныс сұранысты толықтай қамтып отырған жоқ әлі. Өйткені біздің ұлттық салт-санамызға сай қазақы психология елде енді-енді ғана дамып келеді. Қарапайым ортаға ұғынықты етіп жалпақ тілмен жазылған кітаптар да некен-саяқ. Оқырман қауым бармен базар. Жұрт осындай кітапқа «шөліркеп» жүргенде қазақ тілінде тағы бір берері мол психологиялық кітап жарық көрді.

Бұл кітаптың ерекшелігі – автор, яғни Зарина Хантөре (@psiholog.zarinakhantore) өзінің ауыр тағдырын қаз-қалпында еш бүкпесіз ашық жазып, қайғы-мұң мен ауыртпалықты қалай жеңгенін айтады. Білім-біліктілігін шыңдаған да оның қиын өмірі. Бар жиған-терген тәжірибесімен бөлісе отырып, «Әлі де кеш емес» атты кітабының көмегімен автор қазақ әйелдерін сабырлыққа, имандылыққа шақырады.

Күйеуін піріндей сыйлай отырып, оның көңілін жаулаудың және тығырықтан шығудың өз методикасы бойынша құпияға толы тың тәсілдері мен тиімді жолдарын көрсетеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз