Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (ММХҚИ) терезесінен құлағаннан кейін, сөзге келместен ауруханада көз жұмған қазақстандық студенттің анасы әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы Томистің анасы Жанна Ахметова Instagram парақшасында жазды. Онда қайғы жұтқан ана қазақстандықтардан осы қайғылы жәйт туралы жағымсыз қауесет таратуын тоқтатуды сұрады
«Жағдайдың қалай өрбіп жатқандығы туралы бәрі сұрағандықтан достарым үшін жазып отырмын. Өмір «дейін» және «кейін» деп бөлінді.
Бүгін мен бұл сұмдықтың аяқталмайтынын түсіндім.
https://kaz.365info.kz/batyrhan-da-oralgan-zhokh-khazakh-mykhtylarynyn-maskeude-olim-khyshuynda-khandaj-khypiya-bar-257401
Ұйқыдан оянамын, бірақ ол әлі аяқталмайды. Содан бұл менің бүгінгі өмірім екенін түсіндім.
Менің үндемегенім, әртүрлі жолмен түсіндірілді.
Сондай-ақ, менің Томпиымның кімнің кездескені туралы, дағыстандықтар маған қанша ақша берді, кімге жаныңыз ашымайды деген шындыққа жанаспайтын қорытындылармен бөлісе бастады.
Және бүгін маған мен олардан ақша алыпты деген әңгіме айтты.
Тынышталыңыздар!
Жағымсыз, өтірік қауесет таратқандарыңызды доғарыңыздар және де осындай қайғы бастарыңыздан өтпесін деп тілеңіздер.
Жақын арада бұқаралық ақпарат құралдарына және сіздерге қылмыстық істің барлық мән-жайы туралы айтып беремін», – деп жазды Жанна Ахметова Instagram парақшасында.
Сондай-ақ, Жанна Ахметова өзіне қолдау көрсеткендерге алғысын білдірді.