Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Бұларың қалай?”. Жазасын естіген Бишімбаев талып қала жаздады (видео)

Экс-министр прокурордың ұсынысын естіген кезде есінен айырыла жаздағанын  жасырмады.

“Әрине, айыптаушылардың сұрап отырған жазасы мені абдыратып тастады. Еш келісе алмаймын. Менің ұстанымым бір ғана ойға негізделген –

мен жасамаған қылмысты жасадым деп айта алмаймын.

Бүгін (19-ақпан) келтірілген дәлелдер мен, жалпы, сот отырыстарында айтылғандар сотталушылар мойындап отырған қылмысқа менің қатысымның бар екенін дәлелдемейді. Кінәні мойындаған жақсы.

Бірақ мойындаумен қатар, жала жабуға көшкені жаман”,

– деді Қуандық Бишімбаев.

https://kaz.365info.kz/12-zhylga-birakh-ketsin-memlekettik-ajyptaushy-bishimbaevke-tym-ashuly-302983

Естеріңізге салсақ, осы сот отырысында прокурорлар Қуандық Бишімбаевты ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 3-бөлігі, 189-бабының 4-пункиі, 366-бабының 4-бөлігі бойынша айыпты деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

“Қуандық Бишімбаевты 12 жылға бас бостандығынан айырып, жеке меншігіндегі қылмыстық жолмен табылған мүлкін тәркілеп, өмір бойына мемлекеттік органдарда және коммерциялық ұйымдарда басшылық орындарындағы қызметке орналасу құқығынан айыруды, жазаны барынша қауіпсіздендірілген қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтетуді ұсынамыз.

ҚР Президентіне Қуандық Бишімбаевты “Құрмет” орденінен айыру туралы ұсыныс шығаруды сұраймыз”,

– деп мәлімдеген еді прокурор Әлібек Айтжанов.

Астанада экс-министр мен тағы 22 фигурантқа қатысты істің басты сот отырысы осымен төртінші айға жалғасып жатыр.

https://kaz.365info.kz/ajelin-ketip-khalady-bishimbaevtyn-ata-anasy-ylyna-khandaj-khysym-zhasalganyn-zhajyp-saldy-288275

Осы уақыт бойынша процесс қатысушылары барлық сотталушының, куәгердің, іс материалын зерттеп жатқандардың пікірін тыңдап, аудио және видеожазбалармен танысты.

Ал биылғы қаңтарда Қуандық Бишімбаев сотқа берген куәлігінде өзіне тағылған айыппен келіспейтінін және істің қалай болғанын өз тарапынан айтып берген болатын. 25 қаңтарда прокурорлар жаңа айыптау актісін ұсынған.

Бұдан кейін экс-министрге тағылған айыптарға тек бір пункт қосылып, ал жалпы өзгеріссіз қалған еді. Мұның алдында экс-министр Мемлекет басшысынан кешірім сұраған еді.

 “Президенттің алдында кінәлі екеніміді білемін. Мен танитын адамдар, мен өзім жұмысқа шақырған Жақсыбаев, Жақыпов және тағы басқалар маған нұқсан келтірді, мен олар үшін Мемлекет басшысы алдында жауаптымын.

https://kaz.365info.kz/onshen-bastykhtar-bishimbaevtyn-isi-bojynsha-figuranttar-kim-287366

Осы жағдай үшін және Президенттің сенімін ақтай алмағаным үшін ұяламын.

Кадрларды таңдау кезінде қатты қателестім. Менің сеніміме кіріп, мені тек қолданған адамдарды өзіме жақындаттым.

Мемлекет басшысынан кешіріп сұраймын, халықтан осы үшін кешірім сұраймын”,

– деген еді Бишімбаев.

https://kaz.365info.kz/aldynyzda-ajyptymyn-bishimbaev-nazarbaevtan-keshirim-syrady-296892

Сондай-ақ, осыған дейін сотта Бишімбаевтың әйелі де сөз сөйлеген еді.

 “(…) ҚР ҚПК-ның 120-бабының 1-тарауын назарға алып, журналистік тергеу ресми құжат ретінде мойындалу керек. Ал 125-бап бойынша қылмыстық істі шешу үшін дәлелерді бағалау қатыстылық, дәлелділік тұсынан бағалану керек.

Осыған байланысты зауыт құрылысы туралы мақалаларды іске қосуыңызды сұраймын”, – деген еді Бишімбаевтың әйелі сот залында.

2016 жылдың 30 желтоқсанында ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу шаралары жүріп жатқаны белгілі болған еді. ҚР СІМ басшылық құрамымен кездесуінде Нұрсұлтан Назарбаев Қуандық Бишімбаевтың қызметтен босатылғанын мәлімдеген болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз