Құдай сақтасын! Егер адам істі болса, заң бойынша мықты адвокат іздеу керек. Бірақ біздің ескірген кеңестік санамыз бен содан мұра боп қалған мекемелер басқа жолды нұсқайды. Жасыратыны жоқ, тамыр-таныс іздеуің керек.
Осылай басталатын саясаттанушы Айдос Сарымның әлеуметтік желідегі жеке парақшасындағы жазбасында құқық жүйесіндегі бизнес туралы ашып айтылады.
– …Адам полицияға түсіп қалды делік. Бірден туысыңа, тамыр-танысыңа хабарласа бастайсың. Ондағысы соларға ықпал ететін адамды табу ғой. Прокуратура тексерсе де солай. Бастысы істі сотқа жеткізбеу керек. Әсіресе, кеңес заманында солай болған. Өйтсе дұрыс жұмысқа қабылданбайсың, өмірбаянынды бүлдіріп аласың деген түсінік болды. Ол солай болды да.
Ал іс сотқа жетсе, онда адвокат іздейтін. Бірақ сол полициямен байланысы барларын табуға тырысатын. Демек, заңға емес, оның байланысына сеніп, жалдайтын. Әрине, мұнда бәрінің бағасы бар, қызмет құны әлдеқашан белгіленіп қойған. Бірақ, әрине ол туралы ашып айтылмады.
https://kaz.365info.kz/akem-shymkentti-ystagan-tauekel-mysilim-atyshuly-reketirdin-balasy-bolyp-shykhty-250513
Қазіргі нарықтық қарым-қатынас бұл жүйені түзей алмады. Керісінше, бәрін одан сайын күрделендіріп жіберді. Бұрын да, қазір де бұған адамдар көндіккен. Енді қазір адвокаттар қызметін заңдастырып, табатын ақшасын да заңдастыруда. Бірақ мұны оның қарсыласы істей алмайды, мысалы, полиция, прокурор, сот тағысын тағы дегендей. Олардың жалақыдан басқа тапқан ақшасының бәрі қылмысқа жатады! Әрине, бұл олардың өзара бәсекелестігін күшейте түсуде. Адвокаттар рұқсат берілген соң ақшаны көптеп сұрайтын болған қазір…
Бірақ адамдар да нарық тілін жақсы меңгере бастады. Заңмен проблемасы барлар өз тағдырының шешімі кімнің қолында, кімге ақша берген дұрыс, қайсысына берсем үнем жасаймын деп ойланады қазір.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бізде мықты адвокат жалдағаннан гөрі, жаман сотты сатып алған әлдеқайда артық. Ал сотқа дейін істі шешу – ол да мәселе болмай кетті.
Сонда мынандай логикалық сұрақ туындайды. Қызмет ақысы удай адвокаттардың не қажеті бар өзі? Оның үстіне оларға қарама-қайшы қызмет ететіндер өз қызметін монополияға айналдырып жатса. Ал кез келген нарық, жалпы кез келген бизнес монополияға тәуелді болады.
https://kaz.365info.kz/khazakhstandagy-90-zhyldardagy-khylmys-aleminin-khaskhyrlary-266712
Бірақ бұл қылмыс нарығы екенін ұмытпайық. Бірақ нарықтың аты нарық. Ақшасын алып, қызметін көрсетіп жатқаны рас қой енді…
https://kaz.365info.kz/tmd-ny-tonkere-alatyn-atakhty-avtoritet-tyrmeden-shykhty-303221