Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Бұл сорақы жағдай”. Танымал пиаршы орыстілді қазақтарды ренжітіп қоймады ма?

Осы аптада Қазақстан телеарнасына орыстандыру саясаты тұралы Дос Көшіммен бірге сұxбат құрдық. Шынымды айтсам сол әңгімеге толықтай риза болмадым. Себебі кейде тілім жетпеді, кейде сол маңызды тақырыпты терең талқылай алмадым.

Меніңше, біз орыстандыру саясатына әлі күнге дейін нақты кедергі жасаған жоқпыз.

Теледидардағы (әсіресе кабельдік немесе спутник операторларына қарасақ) қазақша контент 10-15 пайыздан аспайды, жалғыз Ұлттық кітап жүйесінде – Меломан дүкендерінде 95 пайызы ресейден келген орыс тіліндегі импорт. Ал орта мектептерде 1 миллионға жуық оқушылардың ішіңде 270 мың қазақ ұлтының балалары оқып жүр (бұл арада автор орыс мектептерінде дегенді меңзесе керек, – ред.).

Алматыда, Астанада өтетін жиналыстарында, кейде қазақтардан басқа бір де өзге ұлт болмаса да, жиналыс орыс тіліңде өткізіліп жатыр. Жекеменшік ірі компаниялардың ішіңде тек қана қазақша сөйлесеңіз ешқандай карьера жаса алмайсыз, өйткені басшылық (асфальтта өскен қазақтар) мемлекеттік тілде еш нәрсе түсінбейді, есептеріңізді немесе xаттарыңызды қазақша қабылдамайды. Бастықтармен ешқандай коммуникация жасай алмасаңыз қалай өсесіз?

Нәтижесінде қазақтар өз жеріңде екінші сортты жұрт сияқты болып жатыр.

Сонда сол сорақы жағдайға не жасауға болады? Өткен сұxбатта бірнеше мәселелерді талқыладық, бірақ ең маңыздыны мен қазір атап кетейін деп едім.

Ең алдымен, мемлекеттік тілді еңгізу үшін оны пайдалануға мәжбүрлейтін заң қабылдау керек. Әлі күнге дейін қазақ тілін енгізе алмай отырғанымыз содан.

Ал екіншіден, менің ойымша, қазіргі күні қазақтардын саны 70 пайызға жақындаса, әрі қазақ қазақпен тек қана қазақша сөйлессе (өзге тілге түспей және басқа ұлттарды зорламай) сонда ғана өзге ұлттар қазақ тілін өз еркімен үйренеді. Қазір қазақ тіліне кедергі жасап жүргендер көбінде өзге ұлттар емес, өзіміздің қазақша сөйлей алмайтын қазақтар болып жатыр. Олардан бастау керек, ұрыспай, керісінше көмектесіп жүру керек.

Мақсат – сол қазақтардың 70 пайызы қазақша сөйлеп кетуі керек. Олар Қазақстанның қазақылануының кілті. “Қазақ олай айтпайды”, деген сөзді мүлдем ұмыту керек. Өзіңіз жақсы сөйлей берсеңіз, орыстілді қазақтар уақытымен үйренеді. Өз қазақтарымыз қазақшасын меңгермесе, басқа ұлттардан мемлекеттік тілді талап етуге құқығымыз бар ма?

Солай, осы жолы ойымды нақтырақ жеткіздім деп ойлаймын. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз