Голливуд жұлдызы Лос-Анджелесте көлікпен кетіп бара жатып, Kia Soul-мен соқтығысты. Питт мінген Tesla соққысынан соң екпін алған Kia Soul барып, «Ниссан» көлігімен соқтығысқан.
Жолдағы оқыс оқиғаның салдарынан кореялық көлікке зақым келгені анықталып, жүргізушілер автоларды қалта телефонына фотоға түсірісті.
Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, ер адамдар түк те болмағандай бір-бірімен жайбарақат әңгімелескен. Сөйтсе өзге екі көліктің иесі актермен күтпеген жүздесуге қатты таңқалыпты. Ақыры көлік иелері өз шаруаларымен жан-жаққа тарқасқан.