Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
18
USD
423
-1.75
EUR
499
-5.37
RUB
5.64
-0.04

“Бұл саған Қазақстан емес”. АҚШ-та Храпуновтың заңсыз тірліктері әшкереленіп жатыр

Қазақстанда жемқорлық бабы бойынша оның үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Жемқорлық жасады, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, өкілеттілігін асыра пайдаланды деген айыптаулармен оған халықаралық іздеу де жарияланған. Қазіргі кезде оның есімі экс-банкир Әбіләзов ісі бойынша да жиі аталып жатыр.

Америкалық журналистердің зерттеуінше, Храпунов жемқорлық дауына АҚШ-та да іліккенге ұқсайды. Жақында ғана «McClutchy DC Bureau» сайтында оның Әбіләзов екеуінің бірлесе отырып ақша ұрлағаны туралы ақпарат пайда болды. АҚШ аумағында Әбіләзов-Храпунов жұбының ақшаға ие болуына біраз америкалық бизнесмендер көмектескен. Есесіне қазақстандық алаяқтар әлемнің өзге елдерінде әлгі америкалық бизнесмендерге көмектерін аямапты.

Әбіләзов пен Храпуновтың құдандалық қарым-қатынаста екені де бұрын айтылған. Осы жылдың көктемінде АҚШ-тың тоғызыншы округтік соты Храпунов ісін қарауды қолға алыпты.

Бұған дейін Дональд Трапмтың бұрынғы серіктесі Феликс Сатер Храпуновтар отбасының АҚШ-та бірнеше компанияны инвестициялауға көмек бергенін баяндаған болатын. Олардың ішінде «Trump Soho» орталығы да бар. Ал қазір экс-әкім Швейцарияда бақуатты, жайлы тұрмыс кешіп жатыр. Әйелі Лейланың айтуынша, Храпунов мемуар жазып жатыр екен.

Айта кетелік, Ұлыбританияның Жоғары соты Ілияс Храпуновтың активтерінің пайдаланылуына тыйым салған. Сот БТА банктің арызын қолдап, оны Әбіләзовқа қаржылай қолдау көрсетті деп таныған.

Ал Швейцарияда Храпуновтар отбасына қатысты бір қызық оқиға тексерілу үстінде. Олар Женевада өздерін БҰҰ жанындағы Орталық Африка Республикасының ресми өкілдері секілді таныстырған.

Журналисттік зерттеуге сүйенсек, „құжат бойынша Храпуновтар жұбы осы елдің бұрынғы басшысы Франсуа Бозизе тақтан таймай тұрғанда оларды осы лауазымға бекітіп кетіпті-мыс„. Бірақ әлі күнге дейін олардың қолында сол елдің төлқұжаты жоқ екен.

Ал олардың баласы Ілияс Храпунов пен оның әйелі Кариб теңізінде орналасқан Сент-Винсент және Гренадина сынды арал-мемлекеттердің азаматтығын тіркеткен.

Өйткені олар осы жерден қомақты көлемде жер сатып алған.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз