Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-13
USD
524
-1.41
EUR
551
-1.85
RUB
4.93
0.00

«Бұл өз таңдаулары» — вице-министр түнде жұмыс істеуге мәжбүр ата-аналар жайлы

492

Үкімет отырысынан кейін Светлана Жақыпова журналистерге ведомство өкілдерінің қаза тапқандардың отбасына барып, көңіл айтқанын хабарлады. Сондай-ақ, вице-министр ведомствоның көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету шараларын қайта қарап жатқанын айтты.

«Ата-аналар неге түнде де жұмыс істеуге мәжбүр?», – деген сұраққа вице-министр

«Бұл өз таңдаулары» – деп жауап берді.

Сондай-ақ, вице-министр қазіргі уақытта көпбалалы отбасылардың арнайы мемлекеттік жәрдемақыдан бөлек, отбасы табысы төмен болса, қосымша жәрдемақы алатынын айтады. Сонымен қатар, мұндай жағдайда отбасыларға әлеуметтік көмек берілетінін айтады.

«У-шусыз жауап берейін. Бүгінде министрлікте көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету мәселесін жетілдіру талқыланып жатыр. Осыған дейін ешқандай шаралар қолданылған жоқ деп ойламаңыздар», – деді Жақыпова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз