Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Бұл – мұғалімнің емес, ЦОН-ның жұмысы”. Білім министріне арналған депутат сауалы

178

Депутат осы қағаздарды толтыру үшін мұғалімдер өз жанынан ақша шығарып, заттар сатып алатынын да баса тоқталды.

“Қағаз толтыру үшін мұғалім онсыз да аз жалақысынан ысырып папкілер, қағаздар сатып алады. Қайта-қайта көшірме орталығына жүгіріп жүрмес үшін, бір ұстаздың түрлі-түсті принтер сатып алу үшін несие рәсімдеткенін өз көзіммен көргенмін. Әлеуметші, психолог мұғалімдер мектептерде жетіспейді. Баланың көңіл-күйін қадағалаңдар деп, осындай қосымша жұмысты сынып жетекшілеріне артып қоямыз”, – деді ол.

Мұғалімдердің басым бөлігі әйел адамдар екендігіне де депутат баса назар аудартты.

“Көбісі, әйелдер олар жұмыстан тыс бір үйдің отанасы, бірнеше баланың анасы, үйде де атқаратын шаруасы бастан асады. Ал ауылдағылар ше? Олар таңертең және кешке сиыр саууы керек. Қазір біз блалаларға тым артық салмақ салынып жатыр деп, мәселе көтеріп жатырмыз ғой. Ол дұрыс. Бірақ мұғалімдердің де жүгі аз емес. Бұл да өз алдына бір бөлек мәселе”, – дейді депутат.

Министрлікке арнайы сауал жолдаған депутат Интернет пен медиа ресурсты пайдалана отырып, ашық жария етуді өтінді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз