Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Бұл қорлау ғой”. Алматыда жаңа жерленген келіншектің зираты қопарылып қалды (видео)

122

Жас келіншек Алматының орталық зиратында жерленеді. Бірнеше күн өткеннен кейін қайын жұрты Халықаралық әйелдер күні – 8-Наурызда келіндерінің бейітінің басына баруды ұйғарады. Барғанда, көргендерінен шошып кетті.

– Бұл 8 наурыз күні күндізгі сағат екілерде болды. Қабірге жақындағанда, оның қопарылып жатқанын көрдік. Алқагүлдер жан-жақта шашылып жатты, бірақ крест орнында тұрды. Бұны көргеннен кейін, күзетшіні шақырдық, – деп айтып берді жағдайды Диананың қайын атасы Сергей Иванов.

– Көргенде, табыт қалай жатты?..

– Ол басында көміліп қалған еді. Сосын біз күзетшіні күтіп тұрғанда өзіміз оны түзеп қойдық. Денесін жабатын орамал сыртқа шығып қалыпты, қолында болған иконасы да мында жатты.

– Күзетшілер не деді, келгенде?

– Мұндайды соңғы 8 жылда бірінші рет көріп тұрмыз деді.

– Сіздерге бірден қандай ой келді? Қандай да бір болжамдарыңыз бар ма?

– Біздің ойлағанымыз…, табыт марқұмның қолының тұсынан сынған. Сонда біз «олар мүмкін алтын не басқа да әшекейлерді іздеген болуы мүмкін» деп ойладық.

Әрине, бұл көріністен шошынған адамдар бірден полицияға хабар берген. Оқиға орнында Алматы қаласының Жетісу ауданының ІІБ-сының жедел-тергеу тобы жұмыс істеді. Дегенмен қолға алынған алғашқы шаралар нәтиже бермеді. Бірнеше күнге созылған көп еңбектің нәтижесінде анық болғаны –

бұл жердің мүрдешілердің де, есептегі «БОМЖ», маскүнем, сотталғандардың да бұл оқиғаға қатысы жоқ.

Сонымен қатар, жедел уәкілдер тағы бірнеше болжам бойынша жұмыс істеді. Бірақ олардың бір де біреуі осы уақытқа дейін дәлел тапқан жоқ. Айта кететіні, бұл оқиғадан кейін полицейлік топтар, соның ішінде жаяу топтар, жағдайдың қайталанбауы үшін Орталық зират аймағын ерекше бақылауға алды. Бұл сұмдық оқиғаны тергеуде жаңадан туындап жатқан болжаулар тексерілуі әрі қарай жалғасуда.

– Қазіргі таңда аталмыш қылмыс Жетісу ауданының ІІБ Криминалды полиция бөлімінің қызметкерлерімен қарастырылып жатыр. Осыған байланысты арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Ол Алматы қаласы ІІД Криминалды полиция басқармасының мамандарынан тұрады. Олар бұл оқиғаға қатысты қылмыскерлер мен куәгерлерді анықтауға мүмкіндік беретін кешенді жедел шараларды жүзеге асыруда.

Айта кететіні, біз сырттағы адамдар тарапынан да көмек болып жатса, оны ескерусіз қалдырмаймыз. Сондықтан, бұл жағдайдың куәгері болған немесе қандай да бір мәліметтерімен бөлісе алатын азаматтар болса, тез арада полиция қызметкерлерімен 254-49-01 немесе 254-49-02 телефондары бойынша байланысуды сұраймыз, – деп хабарлады Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз