Әлеуметтік желіде кеңінен тараған қоғамдық дәретхана алдына жайылған ұлы Абайдың суреті бейнеленген кішкене кілемнің суреті халықтың ашу-ызасын туғызуда.
Өз көздеріне өздері сенбеген көптеген адам бұл суретті фотошопқа балап жатыр. Алайда бұлай қалжыңдау да қазақ халқының ар-намысына тию деп тапқан желі қолданушылары суретке қатыстыларды тауып, жазалауды сұрайды.
“Құрметіміз осындай деңгейде. Абай Құнанбаев кешірер… Өреміздің жеткен жері осы”
, – делінеді сурет жанындағы орысша жазбада.
Кейбір желі қолданушылары суреттен бұл қоғамдық дәретхананың қайда орналасқанын да біліп қойыпты. Олардың пайымынша, бұл Алматыдағы шамамен Мұстафин мен Біржан сал аудандарында орналасқан сауда үйінің маңы көрінеді.
Қалалық құзырлы органдарға хабарласқанымызда бұл суретке қатысты істің мән-жайын анықтайтындарын айтты.