Он айлық баласын аязды күні көшеде қалдырып кеткен Өзбекстан азаматына қылмыстық жаза белгіленуі мүмкін.
Санкт-Петербург полициясының мәліметі бойынша, 22 жастағы әйел масаң күйде он айлық баласын Пулков саябағына тастап кеткен. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аяқталғанша бала ауруханада болады.
Коляскадағы баланы саябақта жергілікті тұрғындардың бірі байқап қалған. Оқиға 29 қаңтарда болған. Полиция оны бірден Цимбалин атындағы ауруханаға жеткізген.