Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

“Құдай жапондарға осылай бере салады…”. Димаштың тыңдаушысы басын ұстады (видео)

113

Супер дауыс. Жоғары ноталарды еркін алады. Бұл – үлкен комплимент. Одан кейін ең төменгі нотаны алғанда, ол еркек-әнші боп орындады. Еркекше даусы жоғалмады. Бұл сирек айтылатын мадақ әрі сирек құбылыс. Жәй әншілер бұлай істей алмайды. Құдды, әлемдік деңгейдегі аты аңызға айналған опера әншісінің өнерін тамашалағандай әсерде отырмын.

https://kaz.365info.kz/dimash-khydajbergen-gennadij-golovkin-nyrali-aliev-ysheui-ne-istep-zhyr-foto-289194

Бастапқыда есім шықты. Өйткені қанша диапазон барын ұқпай әбден абдырадым. Басқа біреу айтып тұрған секілді. Сене алмадым. Себебі бірнеше дауыс кезек-кезек алмасқанда миым жарылып кете ме дедім. Мүмкін емес нәрселерді ол мүмкін қылды. Бірнеше рет. Көпке дейін түсіне алмадым. Соңы өте әдемі болды. Әннің өзі тамаша, орындаушысы одан асып түспесе кем емес…

Әлі есімді жия алмай отырмын. Иә, бұл аты аңызға айналатын опера әншісі. Өте сауатты. Мықты талант иесі.

Мұндайларды қайталанбайтын өнер иесі деп атайды. Көрдіңіздер ме, Азия несімен бақытты екенін?..”

деп айтты.

https://kaz.365info.kz/bizdin-andi-oryndagan-zhigit-khoj-frantsiyada-denis-ten-dimashtyn-anine-bilep-shykhty-video-284851

Бір өкініштісі, Димашты америкалық блогер жапонның жігіті деп ойлап қалыпты.

“Осы жапондарға Құдай бәрін бере салады екен” деп қызықты ол.

Ал бұл уақытта Димаш Құдайберген Голливуд жүлдесіне ие болып жатыр.

Бұл туралы ол кеше өзінің Instagram желісінде жазды.

«Құрметті, менің тыңдармандарым!!! Қуанышты хабарыммен сіздерді қуантуға асықпын. Бүгін Америкада Голливудта HOLLYWOOD MUSIC IN MEDIA AWARDS марапаттау кешiнде Moonlight over the Sea атты əнім The best original song of video game (Үздік саундтрек) номинациясы бойынша жеңіске жетті.

Композитор Thomas Parisch мырзаны, осы жобаға атсалысқан америкалық əріптестерімді, өз командамды шын жүректен құттықтаймын!

Тілеулес ағайынға, барша жерлестеріме, осы уақытқа дейін менімен бірге болған тыңдармандарыма үлкен алғыс білдіремін», – деп жазады қазақстандық әнші.

Естеріңізге сала кетейік, әнші бұған дейін Instagram парақшасында өзінің алғашқы турнесі басталғанын мәлімдеген еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз