Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
2
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

«Бұл арандату!» Қырғыздар Қарағандыда табылған улы киімге қатысты мәлімдеме жасады

“Жеңіл өнеркәсіп” басшысы Қырғызстанның атын жамылған әлдекімдер елдің беделін түсіру үшін осындай зиянды киімдер тігіп, саудалап жатыр деп есептейтінін мәлімдеді. Сонымен қатар, ол бұл киімдер Қырғызстан аумағындағы жасырын цехтарда тігілуі мүмкіндігін де жоққа шығармады.

https://kaz.365info.kz/khyrgyzstynnan-akelingen-balalar-kiiminen-u-tabyldy-303716

“Бізде, әсіресе, балалар киімі өндірісі қатаң бақыланады. Сапа сертификатынсыз елден киім шығарылмайды. Бізге “Қырғызстанда жасалған” таңбасымен қытай киімі жиі түседі. Қазақстан және Ресеймен 20 жылдан астам жұмыс істеп келеміз, осы уақыт ішінде біздің тауарларға қатысты бірде-бір ескерту болған емес.

Бұл жасанды бұйымдар деп ойлаймын, әлдекімдер беделімізді түсіру үшін бізге ор қазып отыр”,

 — деді Асанов Sputnik Қырғызстанға берген сұхбатында.

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті бағынатын денсаулық сақтау министрі Талантбек Батырәлиев қауіпті тауар өндірісі туралы әзірге нақты ақпарат жоқ екенін хабарлады. Сондықтан бұл киімдер Қырғызстанда тігілді деуге әлі ерте.

“Егер ақпарат расталса, біз бұл іспен айналысып, соңына дейін жеткіземіз.

Алайда бізде өндіруші және тауар құрамы туралы нақты ақпарат жоқ. Өз басым отандық өнеркәсіп өніміне қатысты бірде-бір шағым алған жоқпын. Ол тиісті деңгейде тексеріліп жатыр”, — деп атап өтті министр.

Read more:

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз