Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Бұл – абстракция”. Шымкенттік суретші Димаштың портретін салыпты

542

Димаш Құдайбергеннің суреті абстракция стилінде салынған. “Бұл реализмдей шынайы сан түрлі емес, 3-4 қана бояумен беріледі. Техникасы жағынан қиын саналды”, дейді суретші. Бұл тəсілді Қытай халқы аса ұнатады екен.

– Бұл стиль біздің елде əлі қатты дамымаған. Еуропа мен Қытай елдері бұл техниканы жетік меңгерген. Әрі қатты қызығады. Осы бағытта салғым келді, дейді Дәулетияр Балтабаев.

Суретші Димаш Құдайбергеннің бейнесін салуға бас-аяғы 20 мың теңгедей қаражат жұмсапты. Ол портретті əншінің ғаламтордағы суретіне қарап салған екен.

Дәулетияр Балтабаев өңірдегі Опера және балет театрында суретші болып жұмыс істейді. Жаңа жанрға бет алуына сеп болған Димаштың бейнесін ол бар болғаны бір-ақ күнде салып бітірген. Шебердің шабытын оятқан талант иесінің портреті оның жұмыс орнында тұр.

– Көрмеге қойып, аға буын өкілдеріне көрсетіп, бұл жұмысыма баға алғым келеді. Мақтай ма, кемшілік, сын айта ма, мен үшін маңызды, дейді Дәулетияр Балтабаев.

Суретші еңбегін әлеуметтік желідегі Димаштың парақшасына жіберген екен. Содан бері жүздеген хаттар түскен. Тек, бəрі ағылшын тілінде екен. Сондықтан бұл парақшаның Димаштың фанаттары ашқан, деп түсінген. Хаттарды тіл маманына аудартып, мазмұнынан шетелдіктердің əнші суретіне тамсанғанын біліпті. Шетелдік табынушылардың толассыз түсіп жатқан хаттарын Шымкенттік суретші аудартып үлгермей жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз