Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
13
USD
476
+2.82
EUR
514
+5.03
RUB
5.4
0.00

«Бүйрегін езіп, бас сүйегін сындырып, арқасына темекі басқан»

Марқұмның туыстары эксгумация жасатып алты ай күткеннен соң сараптама нәтижесімен бөлісті. Олардың күдіктері расталып, сараптама нәтижесінде сарбаздың денесінен пышақ жарақаты мен түрлі аяусыз соққылардың ізі анықталды.

«Мәйіт сараптамасынан оң жағынан үш пышақ жарақаты, қылқындырған іздер, 26 дене жарақаты анықталған. Оның бүйрегін езіп, бас сүйегін сындырып, темекіні арқасына басып, сөндірген», – деді анасы.

Одан бөлек, анасының айтуынша, Алмас бағынышты болған офицер әскерге қабылдана сала жігіттің атына несие алғызған. Алмастың отбасы екі жылдан бері әділдік үшін күрескен. Тіпті, оларға әскерилердің өзі материалдық өтемақы төлейтінін, ақша, пәтер мен кіші қыздарын оқуға түсіруді ұсынған.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда борышын өтеп жүрген сарбаздың құмды дауыл кезінде көз жұмғаны туралы хабарлаған едік. 5574 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген сарбаз оқу орталығында далалық жаттығуда болған кезде көз жұмған. Ведомство мәліметіне сәйкес, қатты жел салдарынан шатырдың темір жақтауы басына тиген. Алайда жақындары Алмастың шаңды дауылдан өзгелерді құтқарып емес, біреудің қолынан опат болғанына сенімді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз