Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
10
USD
519
+0.27
EUR
592
-4.15
RUB
6.27
-0.10

Бүгін ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің күшеюі 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с-ға жетеді. Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, бұрқасын соғады және желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі  күтіледі.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман болып, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-ға жетіп, күндіз кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарында тұман күтіледі.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз