Бүгін Қазақстанның барлық аймақтарында ауа-райы құбылмалы болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, тұман түседі.
Қазгидрометтің хабарлауынша, оңтүстік өңірде жел тұрып, шаңды дауыл болады. Тек еліміздің солтүстік, солтүстік-шығыс және шығысында жауын-шашын болмайды.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел екпіні күшейіп, арты шаңды дауылға ұласады, бұршақ жаууы да мүмкін.
Қостанай обылысының кей жерлерінде күн салқындап, тұман түсуі ықтимал. Алматы облысының кей жерлерінде бұршақ жауады.
Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты жел тұрады. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Түнде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде ауа-райы 1-6 градус суып, үсік жүреді.
Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.