Жексенбі күнгі метеорологиялық жағдайлар Қазақстанның 4 қаласында атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды і «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктердің мәліметтеріне сүйенсек, жайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтау, Атырау, Қарағанды, Шымкент қалаларында қалыптасуы мүмкін.
Қостанай қаласындағы метеожағдайлар атмосферада ауаны ластайтын заттардың ыдырауына ықпал етеді.