Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
19
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Бүгін кей аймақтарды тұман басып, бұрқасын соғады

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, тұман болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының жекелеген жерлерінде түнде тұман болжанады, Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы 28 м/с артуы ықтимал.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей аумақтарын тұман басып, күндіз кей жерлерінде – 15-20, Жамбыл облысында 23 м/с екпінмен жел соғады.

Күндіз Қызылорда облысының кей бөліктерінде көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 18 м/с күшейеді.

Қарағанды облыстарының жекелеген жерлерінде таңертең және күндіз бұрқасын болжанады, күндіз жел 15-20 м/с артады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз