Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 24-сәуір күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбырлар сақталады, тек оңтүстікте, оңтүстік-батыста және орталықта жауын-шашынсыз күн райы күтіледі.
Республиканың кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, екпінді жел соғады, солтүстіктің басым бөлігінде жел күшейеді, деп хабарлайды т «Қазгидрометке» сілтеме жасаған ҚазАқпарат.
Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 23 м/с дейін артады, жекелеген аудандарда найзағай күтіледі.
Батыс Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстарында, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, түнде Ақмола облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейетіні болжануда, түнде және таңертең тұман болады.
Қызылорда облысында күндіз шаңды дауылмен қоса 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.
Қарағанды облысының кей жерлерін тұман басады.