Қазанның соңғы күндері елімізде күн жылынады.
Қазгидрометтің хабарлауынша, Қазақстанның батысындағы циклон солтүстік-шығыс бағытқа қарай ығысады. Сенбі мен жексенбіде ол республиканың шығыс аймақтарына жетеді. Соның ықпалынан республиканың басым бөлігінде жаңбыр, қар жауып, қатты жел тұрады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыс облыстардың жекелеген аудандарында жаңбыр жаууы мүмкін.
“Циклон артынан Иран аудандарынан ығысатын құрғақ және жылы ауа массалары Қазақстан аумағына жылу әкеледі. Республиканың солтүстік жартысында күндізгі температура 3…11 °С дейін көтерілсе, оңтүстікте 15…20 °С, қиыр оңтүстікте 23…28 °С дейін жылы болады”, — дейді мамандар.