Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыста атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр, найзағаймен күтіледі.
Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.
Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, солтүстік, орталық және шығыста түнде және таңертең – тұман болады.
Жамбыл, түнде Оңтүстік Қазақстан, Батыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстанда, түнде және таңертең Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман болады. Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 2 градусқа дейін үсік сақталады.