Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Бүгін – Астана қаласының туған күні

122

Ерзат Зайытхан, қала тұрғыны:

– Астанаға алғаш келгенде менің алған әсерімді айтып жеткізу мүмкін емес. Мен үшін Астана – сенімнің қаласы. Бұл бүкіл қазаққа, шеттегі ағайынға сенім беретін қала деп ойлаймын. Шеттен келген әр ағайын Астананы көріп, өзінің қазақ екендігіне мақтанады. Қазақстанға көшіп келгісі келеді. Астананы теледидардан көрген бөлек, ал шынайы көргенде ол мүлдем басқаша, өте әдемі. Астананың маған қонақжайлылығы ұнайды.

Күлайша Ақтаева, Елбасы кітапханасы директорының орынбасары:

– Астана көшірілгеннен бері біраз жақсы өзгерістер болып жатыр. Біріншіден, біздің астанамыз тәуелсіздік нышанына айналып, бүкіл әлемге танымал болды. Күнде өте маңызды шешімдер қабылданады. Астана тек елімізге танымал бір орта ғана емес, бүкіл әлемге, БҰҰ-ға мүше болып жатырмыз. Сондықтан осы мінбеге шыққан кезде Елбасымыз біраз бастамаларын көпшілікке жариялайтын болады.

Бүгінде Астана күнін тек елорда тұрғындары ғана емес, барша халық кеңінен атап өтіп жатыр. Өйткені бас қалаға 115 мемлекеттің өкілдері жиналып, EXPO көрмесін тамашалауда.

Авторлары: Дариға Ташенова, Дәурен Үмбетәлиев, Өмірбек Ізімов

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз