Жабайы қабандар әр түрлі ұрпақтарымен үлкен топ құрып өмір сүреді.
Жабайы қабандар отбасы “Бурабай” ұлттық паркіндегі фототұзаққа түсіп қалды. Видеоны ҚР Президентінің телерадиокешені өзінің Telegram-дағы ресми арнасында жариялады.
“Бурабай” ұлттық паркінде фототұзақтарды кезекті тексеру кезінде бірегей кадрлар алынды. Жабайы қабандар бірнеше ересек және ондаған шошқалардан тұратын үлкен топтарда өмір сүреді”, — делінген видео астындағы хабарламада.