Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
525
+1.39
EUR
546
-3.47
RUB
5.09
+0.02

Будейкин. Балаларды суицидке итермелейтін “Синий кит” ойынының авторы осы!

233

Оның басты әкімшісі Филипп Лис, яғни, Филипп Будейкин өткен жылдың қараша айында Мәскеу облысында 2 айға ұсталған. Кейін ол Санкт-Петербургке жеткізілген деп хабарлады Риа Новости.

Ресейдің 10 өңірінде – Краснодар аймағы, Коми мен Башқұрстанда, Мәскеу, Воронеж, Волгоград, Кемеровск, Тула, Новосібір, Омбы облыстарында осы топтың әкімгерлері мен қатысушыларының үйлеріне тінту жүргізілген. Барлық жауапқа тартылушы тұлғалар Будейкиннің кәмелет жасқа толмаған балалармен әлеуметтік желіде хат алмасып, оларды суицидке итермелейтінін айтқан.

Бүгінгі таңда сот оның қатысуымен кәмелет жасқа толмаған 15 баланың өз-өзіне қол жұмсағанын анықтаған. Психологиялық-лингвистикалық сараптама да өзара жазылған хат мәтіндерінен сиуцидке итермелейтін мәліметтерді анықтаған.

Менің ешқандай жазығым жоқ, мен ешкімді өлтірген жоқпын!

Қазір тергеу әлі жалғасып жатыр. 1-ақпанда “ВКонтакте” әлеуметтік желісінде „өлім тобын„ құрған Филипп Лис психиатриялық сараптама қортындысы бойынша ақыл-есі дұрыс, сау деп танылды.

Қамауға алынардан 2 күн бұрын, ресейлік бір басылымға сұқбат беріп үлгерген Будейкин соттан қорықпайтынын,  заңға қайшы келетін еш нәрсе жасамағанын айтыпты.

– Мен біреуді барып өз қолыммен өлтірген жоқпын ғой. Олар бұл әрекетке өзі барды. Ал мен ақыл сұраған адамдарға жәй өз ойымды айттым. Онда тұрған не бар?.. Сондықтан мені ешкім жазалай алмайды деп ойлаймын.

Ал топты құруда өмірден түңілген адамдарды бір жерге топтастырып, қоғамды зиянды „биоөнімдерден„ тазартуды мақсат еттім.

Жұмыс әлі көп. Мені әлі 30 жасөсіпірім күтіп отыр. Оларға менің көмегім керек.

Сөйткен ол өзінің бұл миссиясын әлі жалғастыра беретінін мәлімдеген.

– Мені шешем ұратын, ағам да талай сабаған. Көшеде таяқ жеп қала беретінмін. Сондықтан маған іштегі запыранымды шығарып, сырласатын адамдар керек болды.

Мен секілді сөйлесуді қажет ететін қаншама жас бар? Мен оларға керекпін, – дейді ол.

Мақсат – балаларды түні бойы компьютерге байлап, жүйкесін жұқарту

Будейкин өз сұқбатында ойын тәртібін түсіндіруді де ұмытпапты.

– Ойын басталады. Берілген тапсырманы орындау керек, оған қоса өзің туралы айтып, сөзге араласауың керек. Әңгіме кезінде кімнің кім екені белгілі болады. Одан кейін мен адамдарға жекелей скайп арқылы шығамын, сөйтіп, жеке әңгіме кезінде оның құпияларын біліп аламын, содан соң шешім қабылдаймын. Оған қоса, бала түнде ұйықтамауы керек. Кешкі 9-да жатып, таңғы 8-де тұратын балалардың психикасы мықты болады.

Жүйкені жұқарту үшін оларды түні бойы компьютерге байлап қою қажет. Ең ақырында сілтеме арқылы оларды жабық топтарға алып келесің

– дейді ол.

Міне, осындай біртүрлі ойлы адамға жуықта, нақтысында 1-ақпанда Ресей дәрігерлері ақыл-есі сау деген диагноз қойыпты.

Будейкиннің босап кетуі де мүмкін әрі ол жалғыз емес. Оның миссиясына ортақ адамдар әлеуметтік желіде суицидке балаларды әлі итермелеп жатқан болуы мүмкін. Оның барлығын қадағалап отыру мүмкін емес. Бір топты бұғаттағанымен, келесі бір жерде оны қайтадан ашып жатуы әбден мүмкін ғой.

Сондықтан құзырлы органдарға ата-аналарға балаларына абай болуды ескертуден басқа амал қалмай тұрған секілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз