Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Брэд Питтпен ажырасқан Анджелина Джоли тұрмысқа шықпақ

Қазіргі уақытта ғашықтар Анджелинаның Брэдпен заңды түрде ажырасуын күтіп жүрген көрінеді.

Ел арасында Анджелина Джоли мен британдық кәсіпкердің тойына қызу дайындық жүріп жатқаны туралы да әңгіме тараған. Бірнеше аптадан кейін Джолидің жаңа жігіті Лос-Анджелеске атбасын бұрып, актрисаның балаларымен танысатын көрінеді.

Әрине, Брэд мұндай жаңалықты күтпеді.

«Ол той түгілі, Анджелинаның біреумен көңіл қосуы мүмкіндігін ойламады», – дейді басылымға сұхбат берген дереккөз.

Оның айтуынша, Брэд балалары үшін алаңдаулы екен.

«Басқа ер адам оның балаларымен уақыт өткізуі мүмкін деген ойдың өзі Брэдке ауыр соққы», – дейді дереккөз.

Бір қызығы, Джоли мен Питтің басқа достары бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр. Ал жуырда заңды түрде ажырасатын голливудтық «жұптың» өзі жеке өмірлерін құпияда сақтауда.

Айтпақшы, бірнеше күн бұрын Джолидің 25 миллион долларға зәулім үй сатып алғаны анықталды. Дәл осы үйде актриса жаңа сүйіктісімен отау құруы мүмкін.

Дереккөз: Stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз