Бензин бағасы бойынша Қазақстан әлем бойынша 167 мемлекет арасында аяқ жағынан санағанда 12-ші орында екен.
Парламент мәжілісіндегі үкімет сағатында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев «әлем бойынша ең арзан бензин Қазақстанда» депті.
«АИ-92 бензині қазір Ресейде теңгемен санағанда 214-220 теңге тұрады. Ал бізде бір литрі 160 теңге», – деді министр.
«Әлем бойынша 11 мемлекетте ғана бензин бізден арзан. Ол қай елдер — Венесуэла, Иран, Кувейт, Түркіменстан... », – деп атап өтті ол.