Рахым Ошақбаевтың ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаевтан алған үлкен сұхбаты барысында қысқа мерзімді бензин бағасының динамикасы жайлы айтып берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
“Желтоқсанда Ресейден келетін бензин мөлшері қысқаруы тиіс. Менің ойымша, максимум 20-25 пайыз болады. Ішкі саудада мұнайшылар бағаны көтермесе, онда бағаны төмен қарай құлдилайтыны жайлы айтуға болады. ҚМГ 161 теңге, Sinooil 162 теңгеден төмендейді. Бағаның төмендеуі қарашаның соңында, желтоқсанның басында күтіледі”, – деді министр.
“Егер әдеттегіден тыс жағдай болмасы осы баға желтқсан мен қаңтарда сақталуы тиіс. Мұнай өнімдерін пайдалану желтоқсан мен қаңтарда жылсайын төмендейді. Ары қарай барлығы әлемдік мұнай бағасына байланысты болады”, – деді ол.