Оқиға Жерорта теңізінде орын алған екен. Африканың бірқатар елдерінен Италияға қарай босып бара жатқан босықындардың қайығы аударылып қалған. Ең қызығы бұлар теңізді үрмелі қайық арқылы жүзіп өтпек болған.
Теңіз жыртқышының жемтігіне айналған босқындарды теңізшілер тауып алса керек. Тірі қалғандарын құтқарып алған олар, оқиға орынан жақындағанда теңіз бетінде мәйіттердің жүзіп жүргенін, оның қасында акулалар үйірін байқағанын айтады.
Осы күнде олар 30-дан астам мәйітті кемеге жеткізген. Тағы 40 адам із-түссіз жоғалып кеткен.