Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Босқа барыппын…”. Кореяға жұмыс іздеп кеткен шымкенттік ару елге қайтып келді

 

https://kaz.365info.kz/birin-mongol-birin-khytaj-dedinder-balgynbek-imashev-khatty-ashyndy-321616

“Бардым. Достарым қарсы алды. Бірақ жұмыс таппай бірнеше ай сонда жаттым. Мен мүмкін жұмыс тоқтаған мезгілде барған шығармын. Қыста жұмыс берушілер саны азаяды екен. Сол себептен бе, жұмыс таба алмадым.

3 айдан кейін елге қайттым. Өйткені бұл жақта айына 200 мыңдай айлық алатын жұмысым бар еді. Дегенмен соны да жеткізе алмай жүретінмін. Бар ойым – Кореяда жұмыс істеп, пәтер алуыма ақша жинап қайту болатын. Бәрі мен ойлағандай оңай емес екен.

“Барыма шүкірлік етейін” деп қайтып кеттім. Бұрынғы жұмысымды істеп жүрмін. Өзге елде сұлтан болғанша өз елімде ұлтан болғаным артық екен”, — дейді ол.

 

https://kaz.365info.kz/akhsh-ta-zheniske-zhetken-khazakh-khyzynyn-sylulygy-eldi-syjsintti-video-321269

Иә, Асылзаттың қайтар жолға қаржысы болған. Ал ол жаққа барып не жұмыс таппай не қайтарға ақша таппай екі ортада сандалып қалатындар көп. Біздің азаматтардың қауіпсіздігі алдыңғы орынға шығуы тиіс.

Кореяға аттанғандардың бәрі дерлік қыдырып не қызық қуып емес, керісінше көнкөрістің қамымен кеткен отандастарымыз. Дәл қазіргі таңда Кореяда қанша қазақстандықтың жалданып жұмыс істеп жүргені анық белгісіз.

 

Дерек көз: Sputnik.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз