Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Бородюк Қазақстан құрамасынан ресми түрде кетті

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері, Ресей маманы Александр Бородюк қызметінен кетті. Келісімшарт екіжақты келісім бойынша тоқтатылыпты.

Қазақстан футбол федерациясы Александр Бородюкке атқарған жұмысы үшін алғыс айтуды да ұмытпапты.

Негізі, Ресей маманы біздің құраманы жаттықтырған уақыт аралығында жеті ойын өткізіп, оның біреуінде тең түсіп, алтауында жеңіліп қалған…

«Ұлттық құраманың жаңа бас бапкерінің есімі алдағы уақытта жарияланады», – деп жазыпты, Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты.

Енді тағатсыз осы жаңалықты күтеміз. Құрама тізгіні отандық мамандардың біріне беріле ме, әлде бас бапкер шетелден шақыртыла ма, көпшілікке сол қызық…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз