Алматылық 10 жасар Данэлия Төлешова Украинадағы «Голос. Дiти» əн байқауында жеңіске жетті. Ерекше табиғатына тәнті болып, әлемдік деңгейде әнші шығатынына бек сенімді Данэлияның тәлімгерлері оны Украинада алып қалғысы келетінін де жасырмады.
Байқау өте тартысты болды. Қазылар Данэлияның талантын бірінші сараптау кезеңінде-ақ мойындап қойған еді. Данэлия да кезең-кезең сайын өз көрермені мен қазылар алқасын таң қалдырудан бір жаңылмады. Финалда да солай болды.
„Расымен де сен бар адамсың ба, өз көзіме әлі сене алмаймын, тұра тұршы қазір өз қолыммен ұстап көрейінші. Білесің бе, қандай ғажайып жан екеніңді?
Украина президентіне айтып, сені алып қалсақ қайтеді осы жаққа?..
Нұр шашқан періштені жібергің келмейді екен„, – деп салды Наталья Могилевская.
Ал тәлімгері Монатик өзінің тобында ең мықтылардың болғанын, олар бір төбе, ал Данэлия бір төбе болғанын айтты.
„Осыған дейін Флоренс секілді ән салатын адам жоқ деп есептейтінмін. Бірақ сен, міне жарқ еттің.
Дань, сен әлемдік деңгейдегі әртіссің.
Сен жалпыға емес, әрбір адамға арнап ән айтасың, жаныңмен берілесің, әрбір адам өз-өзін ұмытады, сенен тараған жарық сәулеге шомылады бәрі. Бәрі содан ерекше күш-қуат, шабыт алады. Егер бұл орындауыңды көрсе Флоренс сені өзінің жанына алдырып алатын шығар…„ деп тебіренді Монатик.
https://kaz.365info.kz/kimsin-sen-sheteldegi-bajkhauda-khazylar-khazakhstandykh-khyzdyn-ayagyna-zhygyldy-video-288128
Айта кетелік, Украинада өткен «Голос. Дiти» əн байқауында жеңіске жеткен 11 жасар Данэлия Төлешова аты дүркіреп тұрған ағасы Димаш Құдайбергенге алғыс айтты.
“Құрметті Димаш! Құттықтауыңызға көп рақмет! Байқаудың ең алғашқы кезеңінде маған айтқан тілегіңіз сенімділік пен күш сыйлады. Мақсатыма жетуге жігерлендірді, ақырында мен дегеніме жеттім”, – дейді Данэлия.