Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-10
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

“Шаяхметова құтқара алады….”. Ақышевтың орнына кім келгелі жатыр?

276

Қазақстанның банк жүйесін құтқаруға жауапты ханымды қарсы алыңыздар.

Міне, осының өзінен-ақ асыра сілтеушілікті байқауға болады. Өйткені Шаяхметова ханымның мұндай жауапты міндетті мойнына өз еркімен алуы екіталай еді.

Мақаланың алғысөзінде «Қаржылық берекетсіздік декадасынан кейін Қазақстан ең ірі банк басшысына банк жүйесін сауықтандырады деген үмітпен қарайды», дейтін тұжырым айтылады. Әрине, қазір Қазақстанның Халық банкі еліміздегі банк жүйесінің көшбасшысы екені еш күмән тудырмайды. Алайда бұл алып банк жүйесін мемлект көмегінсіз сауықтырып, қордаланып қалған қиындықтардан құтқара алмайды.

https://kaz.365info.kz/zheter-endi-khogam-belsendisi-halykhty-bagaga-toskhauyl-khoyuga-shakhyrdy-283352

Мемлекет «Проблемалық несиелер қоры» арқылы «Қазкомның» үлкен мөлшердегі «нашар» активтерін сатып алуға «Проблемалық несиелер қоры» арқылы 2,4 трлн теңге бөлмейінше,

«Халықтың» өзінің басты бәсекелесі «Қазкоммерцбанкті» сатып алуға  батылы жетпеді.

Ол активтер «Қазкомға» «БТА Банктен» қалған мұра ретінде өткен болатын. «Халық» үшін ол шама жетпейтін сома болатын.

Тек Ұлттық қордың көмегі есебінен «Қазкомды» «тазалағаннан» кейін «Халық» қажетті қаржының басын біріктіріп, өзінің бас бәсекелесін сатып алды. Бұл үшін 185 млрд теңге қажет болды: бұл ақшаға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының ірі акционерлері мен Кеңес Рақышевтың акцияларын 1 теңгеден сатып алуға және«Қазкоммерцбанкті» капиталдандыруды аяқтауға жұмсалды.

Алайда мемлекет тарапынан осындай қуатты қолдаудың көрсетілгеніне қарамастан, бұл істі жүзеге асырудың оңай болмағанын Шаяхметова ханым «Bloomberg» басылымына берген сұқбатында мойындады.

https://kaz.365info.kz/a-yshev-a-shamyz-ajda-zejneta-y-orynda-y-5-mlrd-te-geni-kim-zhym-yrdy-242479

«Тек қазір ғана тыныш ұйықтайтын болдым», дейді ол. Дегенмен екі банктің бірігуіндегі көптеген мәселелер әлі толық шешімін тапқан жоқ.

Айтпақшы, екі банкті біріктіру жоспарын «Bloomberg» дәл осы Шаяхметоваға телиді. Десек те,

іс біткеннен кейін ол мүлдем басқа ұстанымды ұстап отыр.

Мәселен, өткен жылғы тамыз айындағы баспасөз мәслихатынан кейін Шаяхметова ханым “жақын уақытта «Қазкоммерцбанкты» қосып алу немес тарату жоспаланып отырған жоқ, біздің жоспарымызда оның Ресейде жұмыс істеп жатқан еншілесін біздің сол елдегі еншілес банкімізбен біріктіру және операциялық процесстердің бір бөлігін біріктіру”, деген.

Мұндай ұстаным ақылға қонымды болатын,

өйткені «Қазкоммерцбанкті» Ұлттық қор есебінен «тазалағаннан» кейін де оның несиелік қоры соншалық сауықпаған болатын.

Екінші жағынан, жылдам тарылып жатқан жергілікті нарықта Халық банкке өзінің жаңа еншілесімен тартысқа түсуі ақылға қонбайтын іс болатын.

Сондықтан Шаяхметова ханымның тамыздағы баспасөз мәслихатынан бірнеше ай кейін

«Қазақстанның Халық банкінің» Директорлар кеңесі ол айқындаған интеграциялық бағытқа түзету енгізіп, «Қазкоммерцбанкті» қосып алу туралы шешім қабылдады.

Естеріңізге салсақ, Кеңес құрамына тәуелсіз директорлар ретінде мынадай қаржыгерлер кіреді:

  • Александр Павлов,
  • Әнуәр Сәйденов,
  • Арман Дунаев және оның шетелдік әріптестері
  • Фрэнк Кайларс пен
  • Кристоф Рёл.

Банктің басты акционері – «АЛМЭКС» Холдинг тобы» акционерлік қоғамының мүддесін Директорлар кеңесінде Мәжит Есенбаев білдіреді. Оның құрамына лауазымына сәйкес Шаяхметова ханым да кіреді.

Forbes Bloomberg-пен келіспейді

Шаяхметова ханымның 2015 жылдан бері алғаш рет банк акционерлеріне дивиденттер төлеу ниетін алған тартқан «Bloomberg», «Халықтың» Директорлар кеңесінің шешімін оптимистік тұрғыдан бағалауда. Оны шетелдік сарапшылар қолдап отыр.

Мәселен, «Sberbank CIB-тің» Лондондағы кеңсесінің сарапшысы Эндрю Кили «Қазақстанның банк секторы қалпына келіп жатыр» деген сенімде, «БТА Банк» сахнадан бір жолата түссе, нарықтың бірқатар қатысушылары қайта капиталдандыруға ұрынды.

Мұндай оптимизмді бір қатар отандық іскерлік басылымдар да ұстанып отыр.

Мәселен, «Forbes Kazakhstan» журналы өзінің жақында шыққан санында «Халықтың» иелерінің бірі Тимур Құлыбаевты 2017 жылдың үздік бизнесмені, ал оның «Қазкоммерцбанкті» саптып алуын «онжылдықтың саудасы», ал «Halyk Group-ты» еліміздегі ең ықпалды қаржылық-өндірістік топ деп, атады.

https://kaz.365info.kz/olar-bylaj-zhasajdy-ylttykh-banktin-eks-khyzmetkeri-bankterdin-bylygyn-ashty-267188

«Bloomberg-тен» айырмашылығы, отандық басылым осы саудадағы Шаяхметова ханымның стратегиялық рөлі туралы тіс жармаған. Бұдан бөлек, сақтандыру саласында екі банк еншілестерінің бірігуі есебінен, топ сақтандыру саласында да бірінші орынға шықты. Бұл әлбетте, отандық қаржы саласын орын алуы мүмкін саяси қауіптерді айтпағанда, кезекті дағдарыс орын алған жағдайда осал, әлжуаз етуі мүмкін.

Статистика да мәз емес

Ал шынайы жағдайға келетін болсақ, нарыққа қатысушылардың 2018 жылдың басындағы жұмысының нәтижелері туралы Ұлттық банктің келтірген мәліметтеріне сәйкес,

«Қазкоммерцбанктің» «Халыққа» қосылуы тағы да мемлекет тарапынан қаржы құюды талап етуі мүмкін.

Өйткені осы екі банк төлеу мерзімі 90 күннен астам мезгілге кешіктірілген «нашар» несиелер көлемі бойынша көш бастап тұр.

 «Халық» — «Казком» тандемі төлеу мерзімі өтіп кеткен несиелер, үстеме ақыны қоса алғанда, бойынша да көш басында.

Осы проблемалық дүниелерді сауықтыру болашағының бұлыңғыр, ал «Халықтың» ресурстары соншалық көлемді емес екенін ескерсек,

оның беделді акционерлеріне мемлекеттік көмектің кезекті үлесіне үміт артқаннан басқа шарасы жоқ сыңайлы.

Айтпақшы, 2009 жылы мемлекет бұл банктің капиталына кірген болатын. Ол кезде «Самұрық-Қазына» 60 млрд теңге құйып, оның акцияларының ірі пакетін сатып алған болатын.

Естеріңізге салсақ, дәл сол сұрапыл кезеңде Шаяхметова ханым «Халықтың» басшылығына келіп, ал оның алдында осы банкті басқарған Григорий Марченко екінші мәрте Ұлттық банк басшысы болып тағайындалған болатын.

https://kaz.365info.kz/a-yshev-pen-zha-sybekov-ajs-ltanmen-sottasa-ma-yzmetimen-oshtasa-ma-246676

Міне, сол Марченко 2009 жылдың ақпанында бір сәтте теңге девалвациясын жүзеге асырған еді. Ондай жағдайдың қазір де қайталануын да жоққа шығаруға болмас. Өйткені «Халықтың» басшысы біраз уақыттан бері орталық банк басшылығымен банк секторын дамыту мәселелері бойынша табысты полемика жүргізіп келеді,

ал білімі мен білігі бойынша Шаяхметова ханым Ұлттық банк басшылығындағы Данияр Ақышевты алмастыруға әбден қабілетті.

https://www.youtube.com/watch?v=E4MLg_wy9kU

Ұлттық банк берсе де іс аяқталмаған сыңайлы

Тіпті, Халық банк өз күшімен немесе мемлекет көмегі арқасында «Қазкоммерцбанкті» қосып алу нәтижесінде туындаған қиындықтарды еңсергеннің өзінде, бұл еліміздің банк саласындағы ахуалды жақсарта қоймасы анық. Өйткені Ұлттық банк әу баста меншікті капиталы 45 млрд теңгеден аспайтын нарықтың орта және шағын қатысушыларына көмектесуді жоспарламаған болатын. Ал қазір олар екінші деңгейдегі банктер санының жартысын құрап отыр –

ағымдағы жылдың басында олардың саны 32-ге тең болды.

2017 жылдың жазында Ұлттық банк басқармасы қолдаған банк секторын сауықтандыру жөніндегі бағдарламаға 15 банк (еншілестері мен шетел банктерін қоспағанда) қатысу керек болатын. Бірақ бұл мүмкіндікті олардың тек 5 ғана пайдаланды:

  • «Цеснабанк»,
  • «Банк ЦентрКредит»,
  • «АТФБанк»,
  • «Евразиялық банк»
  • «Bank RBK».

Бұлардың соңғысы өзінің 15-жылдық облигацияларын KASE-де орналастыруды ұзақ мерзімге созып жіберсе, «Нұрбанк» жоспарланып қойған мемлекеттік көмектен мүлдем бас тартты.

Қалай болған күнде де, үкіметтің кеңейтілген отырысында Ақышев мырза ірі банктерді капиталдандыруды аяқтау жөніндегі шаралар бойынша банк секторын тұрақтандырудың жоғарыда айтылған бағдарламасының аяқталғанын мәлімдеді.

https://kaz.365info.kz/tagy-da-shu-zejnetakhy-khory-kharzhy-khyjgan-shetel-kompaniyalary-shetinen-zhabylyp-zhatyr-277824

7-ақпанда нарыққа қатысушылардың тапсырысын қарастыру аяқталды, ал осы мерзімге дейін келіп түскен тапсырыстарды реттеуші қарастырмайды. Осы орайда Ұлттық банк төрағасы бағдарламаға қосымша капиталдандыруға мұқтаж және қаржылық тұрақтылыққа қауіп тудырмайтын шағын банктер де  қатыса алатынын атап өтті. Сонымен қатар, ол «Қазкоммерцбанк» толық сауықтандырылды деп, мәлімдеді. Соңында Ақышев мырза оптимистік мәлімдеме жасады:

«Банктерді қолдау жүзеге асырылғаннан кейін біз тұрақты даму шараларын жүзеге асыруға көшеміз».

Алайда жиынға қатысушылар саланың тұрақты даму туралы сөз қозғаған Ұлттық банк басшысының қулыққа барып отырғанын түсініп отыр. Өйткені ол туралы сөз қозғау әлі ерте. Банк секторында шешілмеген түйткілдер әлі де бастан асады.

Міне, осындай шиелініскен жағдайда оптимистік тұрғыдағы мәлімдеме жасап, орын алған жағдайда осындай баға беру – тым асығыстық әрі ақылға қонбайтын дүние.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз