Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен елдімекен тұрғындары үшін 357 жаңа үйдің құрылысы басталды.
Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсетіп, баспанасы жарамсыз болып қалған тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету қажеттігін атап өткен болатын.
Батыс Қазақстанда су тасқыны салдарынан зардап шеккен Қаратөбе, Сырым, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандарының тұрғындары үшін жаңа 357 үйдің құрылысы басталды.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев құрылыс жұмыстарының уақытылы аяқталуы мен сапалы болуын тікелей өзінің жеке бақылауында ұстап отыр.